Zhanibekov university logo

EDUCAMPSHYM ОҚУ ЛАГЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОНКҮНДІГІ ЖАБЫЛДЫ

Маусым 5, 2025, 2:46 Т.Қ. Медиа Орталық

Бүгін университет базасында EduCampShym оқу лагерінің алғашқы онкүндігі жабылды.
Бір аптадан астам білім мен шабытқа толы EduCampShym лагерінің соңғы күні қатысушылардың есінде қаларлықтай ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларына арналған бұл оқу алаңы олардың болашақ кәсібін таңдауға бағыт-бағдар беріп, жаңа білім мен тәжірибе сыйлады.
Салтанатты шарада Басқарма мүшесі—Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Баршагүл Исабек қатысушыларға марапаттар мен сертификаттар табыстады.
Салтанатты шараның екінші кезеңі көңілді концерттік бағдарламаға ұласты. EduCampShym — бұл жай ғана демалыс лагері емес, жас өрендердің болашаққа алғашқы қадамы! Лагерьдің келесі онкүндік кезеңі алдағы аптадан бастап жалғасын таппақ.