“Жасыл көшбасшылар: Жастар әлемді қалай өзгерте алады?”
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да осындай тақырыптағы іс-шара өтті.
ASAA ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген бұл шара “Экологтар күніне” арналды және жастардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлін арттыруға бағытталды.
Бағдарлама аясында:

ASAA ұйымының экологиялық жобалары мен жетістіктері таныстырылды

Климаттың өзгеруі, ластану және биоәртүрлілік сияқты өзекті мәселелер талқыланды

Қатысушылар топтарға бөлініп, экологияға қатысты шешімдерді ұсынды

“Жасыл көшбасшы” ұғымына терең үңіліп, әр қатысушы өз үлесін қалай қоса алатыны туралы ой өрбітті

Ауада қызықты экологиялық ойындар мен мини-квест ұйымдастырылып, белсенді топтар марапатталды.
Қатысушылар экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, болашақта жасыл экологияның көшбасшысы болуға мотивация алды!