Zhanibekov university logo

Конкурс. 12.02.2025

Ақп. 12, 2025, 11:16 Т.Ж. Zhanibekov university

2025-2026 оқу жылында  сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға 1-2-курс студенттеріне конкурс жариялаймыз!

 

 

ЕГЕР СІЗ КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРҒА ТОЛЫҚТАЙ САЙ БОЛСАҢЫЗ,

БІЗ СІЗДІҢ ӨТІНІШІҢІЗДІ КҮТЕМІЗ!

 

Талап етілетін құжаттар тізімі:

 

1. ҚР азаматының төлқұжаты (көшірме);

2. Түйіндеме (CV);

3. Мөрмен бекітілген Транскрипт (шекті оқу үлгерімі 2,67);

4. Шетел тілі деңгейін растайтын сертификат:

а) Республикалық бюджет есебінен қатысу үшін: ағылшын тілі деңгейін бағалаудың халықаралық жүйелері бойынша алынған сертификат (IELTS 5.0+, TOEFL IBT 35+);

б) Университеттің қаржыландыруы / өз есебінен қатысу үшін: ағылшын тілі / түрік тілі деңгейін бағалаудың халықаралық жүйелері бойынша алынған сертификат (IELTS 5.0+, TOEFL IBT 35+, TOEFL ITP 487+, DET 80+, YUNUS EMRE, TOMER) немесе шетел тілін оқытатын оқу орталықтарынан алынған сертификат  көшірмесі (B2+):  

5. Студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат (бар болған жағдайда);

6. Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болса).

7. Студенттің мүгедектігі туралы анықтама (болған жағдайда);

8. Ынталандыру марапаттарының болуы (республикалық және халықаралық деңгейдегі диплом, грамота, алғыс хат, сертификат, болған жағдайда).

 

*5, 6, 7-тармақта көрсетілген шарттар қатысушылардың конкурстық ұпайы тең болған жағдайда жеңілдік иесіне басымдық береді.

 

 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 10.03.2025 ж. дейін (қоса алғанда)

 

Құжаттарды тапсыру:

* көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (Академиялық ұтқырлық бөлімі);

* www.egov.kz порталы арқылы.

 

Барлық сұрақтар бойынша: Академиялық ұтқырлық бөлімі, Бас ғимарат, 225-каб.

 

 

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БӨЛІМІ