Zhanibekov university - көпжылдық дәстүрлер мен заманауи білім беру технологияларын біріктіретін жетекші педагогикалық университет. Біз білім берудің болашағын өзгертетін мамандарды дайындаймыз.
Білім-ғылымның, тәрбиенің алтын бесігі, қасиетті қарашаңырақ – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Шымкент қаласының орталығында, А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан. Университет 1937 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Ғасырға жуық уақытта көптеген жетістіктерге жетіп, мыңдаған шәкірт тәрбиелеп шығарған. Түлектері қазіргі таңда Қазақстан және шет елдерде қызмет атқаруда. Университет түлектерінің білім ұясына алғыстары шексіз!