Қазіргі таңда университетімізде профессор-оқытушы құрамының жетекшілігімен грант ұтып алынған 4 жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушы құрамы ҚР БжҒМ ұйымдастырған 2021-2023 жылдарға арналаған гранттық қаржыландыруға 19 жоба ұсынылып, нәтижесінде А.Б. Ибашованың және И.С. Смановтың жетекшілігімен 2 жоба гранттық қаржыландыру бойынша грант ұтып алды. 2 жоба бойынша жалпы сумма 70 млн 243 мың 104 теңге, 50 тиынды құрайды. Ал жас ғалымдар үшін ғылыми зерттеулерді іске асыруға арналған гранттық қаржыландыру бойынша 2020-2022 аралығында университетіміздің PhD, аға оқытушысы А.К.Оралбекованың жетекшілігімен 1 жоба жеңіп алынды. Жалпы қаржыландыру соммасы 15 млн 88 мың 200 тенгені құрайды