Ғылыми кеңес туралы
- Ғылыми, оқу, әдістемелік,
әлеуметтік және тәрбие қызметі бойынша мәселелерді қарау және шешімдер қабылдау
үшін Қоғамда Ғылыми кеңес құрылады.
- Ғылыми кеңестің құзыреті,
қалыптастыру тәртібі мен қызметі Қоғамның Жарғысымен және уәкілетті органның
үлгілік құжаттары негізінде Басқарма бекітетін «Ғылыми кеңес туралы» ережемен
реттеледі.
- Ғылыми кеңес Жарғымен және/немесе
Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қоғамның өзге де органдарының айрықша
құзыретіне жатқызылған Қоғамның академиялық, ғылыми, әлеуметтік және тәрбиелік
қызметі бойынша басым (стратегиялық) бағыттарды іске асыруға байланысты
мәселелерді алдын ала қарайды.
Бұл мәселелерді Ғылыми кеңестің
шешімі болмаған жағдайда Қоғамның өзге де органдары қарауға қабылдамайды.
- Қазақстан Республикасының
Жарғысында және/немесе заңнамасында Қоғамның өзге де органдарының айрықша
құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарау кезінде осы мәселелер бойынша Ғылыми
кеңес қабылдаған шешімдер ұсынымдық болып саналады.
- Ғылыми кеңестің дербес құрамы
«Ғылыми кеңес туралы» ережеге сәйкес бекітіледі.
- Ғылыми кеңесті Қоғамның
атқарушы органының басшысы басқарады.
- Ғылыми кеңес өз қызметінде
Қазақстан Республикасының заңнамасын, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі
қызметінің үлгілік қағидаларын, осы Кодексті және Қоғамның Жарғысын басшылыққа
алады.
- Ғылыми кеңестің қызметі оның
құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді.
- Ғылыми кеңесте талқыланатын
мәселелерді дайындауды ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау,
тәжірибені жинақтау және оның мүшелері қатарынан Кеңес жұмысының нысандары мен
әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін Қоғамның атқарушы органы
басшысының бұйрығымен ғалым хатшы тағайындалады. Ғалым хатшының өкілеттік
мерзімі – 3 жыл.
- Ғалым хатшыға Ғылыми кеңестің
отырыстарына материалдарды уақтылы және сапалы дайындауға және Ғылыми кеңестің
іс қағаздарын жүргізуге жауапкершілік жүктеледі.
- Ғылыми кеңестің қызметі, күн
тәртібін қалыптастыру, отырыстар өткізу, шешімдердің орындалуын бақылау,
практикалық және әдістемелік көмек көрсету ғалым хатшыға жүктеледі.
- Ғылыми және педагогикалық қызметтен басқа, ғалым хатшының лауазымдарды қоса атқаруына жол берілмейді.