Университет тарихы
Бәрі де осылай басталған...-
1937 жылы 19 наурызда Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен Шымкентте мұғалімдер институты ашылды;
-
1954 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің бұйрығымен педагогикалық институт болып қайта құрылды;
-
1987 жылы институттың 50 жылдық мерейтойына орай оқу орнына М. Әуезов есімі берілді;
-
1975 жылы КСРО Білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған;
-
1977 жылы Қазан төңкерісінің 60 жылдығына арналған социалистік жарыста Қазақстанның педагогикалық институттары арасында бірінші орынды иеленді;
-
1985 жылдың қорытындысы бойынша педагог кадрларды даярлаудағы жетістіктері үшін КСРО Білім министрлігінің ауыспалы Қызыл туын алды;
-
1988 жылы Кеңес Одағының 220 педагогикалық институт арасында өткен социалистік жарыста III орынға ие болды;
-
1993 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен жаңадан ашылған Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессор-оқытушылардың ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында аталған университеттің құрамына енгізіліп, Шымкент институты атанды;
-
1995 жылы 9 наурызда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімшесі болып ауысты;
-
2003 жылғы 7 наурызда ХҚТУ Шымкент филиалы, 4 қыркүйектен – ХҚТУ Шымкент институты болып 2011 жылдың 28 маусымына дейін жұмыс істеді;
-
2011 жылғы 28 маусымдағы ҚР Үкіметінің №722 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты қайта ашылды;
-
2017 жылғы 17 қарашада ҚР Үкіметінің №753 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына университет мәртебесі берілді;
-
2018 жылғы 16 қазанда Үкіметтің №649 қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып құрылды;
-
2019 жылдың 12 сәуірінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Әділет басқармасында заңды мемлекеттік тіркеуден өтті;
-
2019 жылдың 6 сәуірінде 350 орындық жаңа 4 қабатты Студенттер үйі, ал тамызда 4 жұлдызды 200 орындық қонақүйге тең Студенттер үйі пайдалануға берілді;
-
Тәуелсіздіктің 28 жылдығына байланысты 2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялануына орай 11 номинациядан тұратын, жүлде қоры 28 млн теңгені құрайтын республикалық жастар байқауы елімізде алғаш рет біздің университетте өтті;
2023 жыл оқу орнымыз үшін тарихи сәт атанды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 3 қазандағы №512 бұйрығымен университетке мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілді. Оқу орнына ұлт жанашыры, мемлекет қайраткерінің есімін беру мен ұрпақтар жадын жаңғырту ісінде сол кездегі Басқарма төрағасы-Ректор Гүлжан Сүгірбаеваның еңбегі зор.
2025 жылдың 11 тамызынан бастап университетті Басқарма төрағасы-Ректор м.а. Әлібек Нұрбайұлы Нұртаев басқарады.
Төмендегі мәліметті толық өзгетілді. Жн-жағындағы кестені алып тастай алмадым. АБ
Оқу орнының басшылары:
-
01.07.1937-15.09.1939 жж. – Берн университетінің профессоры Семен Германович Шейнессон;
-
15.09.1939-07.03.1940 жж. – Ұлы Отан соғысына қатысып, капитан шеніне дейін көтерілген Мырзалы Сабденов;
-
09.1940-20.12.1941жж. – партия қызметкері Иннокентий Матвеевич Туманов;
-
1947-1952 жж. – «Абай жолы» роман-эпопеясын жатқа оқуымен есте қалған ғалым Әділ Ермеков;
-
1952-1970 жж. – жаңа ғимараттар салдырып, институтты даму даңғылына жетелеген Байұзақ Ермекбаев;
-
1971-1984 жж. – оқу орнының абыройын республика, Одақ көлемінде асқақтатуға өлшеусіз үлес қосқан Мырзахан Сәрсенбаев;
● 1984-1992 жж. – институтты күшейтіп, профессор-оқытушы құрамының ғылыми‑шығармашылық әлеуетін арттыруға үлес қосқан Әшім Құрамбайұлы Омаров;
● 1993-1994 жж. – қала, облыс руханиятының дамуына үлес қосқан, М.Әуезовтің шәкірті, көрнекті әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Керімбек Сыздықұлы Сыздықов;
● 1998-2003 және 2004-2008 жж. – білім-ғылыммен қатар спортқа, өнерге айрықша көңіл бөлген техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА толық мүшесі Лесбек Тәшімұлы Тәшімов;
● 2003-2004 жж. – химия ғылымдарының докторы, профессор Болысбек Тойшыбекұлы Өтелбаев;
● 2008-2011 жж. – педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Жарылқасын Керімбекұлы Оңалбек;
● 2011-2019 жж. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, педагогикалық оқу орнын қайта жаңғыртып, университет мәртебесіне жеткізген, бірқатар магистратура мен докторантура білім беру бағдарламаларына мемлекеттік лицензия алдырған, 3 Студенттер үйінің жаңадан ашылуына, көптеген игі істерге ұйытқы болған Оңалбай Аяшұлы Аяшев;
● 2020-2025 жж. – «Университет білім алушыларына білім беру қызметінің төлемақысы бойынша берілетін жеңілдіктер туралы Ереженің» әзірленуіне, жаңадан Диссертациялық кеңестердің ашылуына, университетке ұлт жанашыры, рух сардары Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілуіне, т.б. істерге мұрындық болған Гүлжан Дәулетбекқызы Сүгірбаева;
● 2025 ж. 11 тамыздан бастап ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, мемлекетшіл тұлға Әлібек Нұрбайұлы Нұртаев басқаруда.