Ел таныған ғалымдар
Ел таныған ғалымдар
Аширов Әбдімәлік Манапұлы
Техника ғылымдарының докторы, профессор
Аширов Әбдімәлік Манапұлы
Техника ғылымдарының докторы, профессор
Аширов Әбдімәлік Манапұлы 1944 жылы 1 наурызда Ташкентте педагогтар отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1961 жылдан 1967 жылға дейін Д. И. Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтының физика-химия факультетінде оқыды. Еңбек жолын 1967 жылы Қазақ химия-технологиялық институтында проблемалық зертхананың инженері лауазымынан бастады. 1968 жылдан 1980 жылға дейін аспирантураны бітіргеннен кейін физикалық және коллоидтық химия кафедрасының аға оқытушысы, аға ғылыми қызметкері және доценті болып жұмыс істеді. 1973 жылы А. Әшіров кандидаттық диссертация қорғады. 1980 жылы ҚазХТИ проблемалық зертханасының меңгерушісі болып тағайындалды. 1992 жылы «Полиатомды спирттер алу мақсатында моноздардың адсорбция және гидрогенизация процестерін зерттеу» атты докторлық диссертациясын қорғады. 1992-1994 жылдар аралығында Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент бөлімшесінде жұмыс істеді. Х. А. Ясауи университетінде кафедра меңгерушісі, факультет деканы, проректор лауазымында, 1994 жылдан 1998 жылға дейін Шымкент педагогикалық институтының ректоры болды. 1998 жылдан-ҚМУ Президентінің кеңесшісі, ал 2000 жылдан бастап жалпы химия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
Ә. Аширов гетерогенді катализ және биотехнология саласындағы жетекші маман, 50-ден астам Өнертабысқа патенттер мен авторлық куәліктердің, 250-ден астам ғылыми мақаланың, 15 монография мен оқулықтардың авторы. 2007 жылғы «Сана экологиясы», 2014 жылғы «Ақпараттық агротехнологиялар» монографиялары, 2015 жылғы «ХХ1 ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының тұжырымдамасы және азық-түлік қауіпсіздігі» әлемдік масштабтағы ең маңыздылары болып табылады. Оның ағылшын тіліндегі «The conseptual strategy for humankinde ' s survival un the xxi century and food security» атты монографиясы 29.11.2016 жылы Кембридж университетінде презентация жасады.
Ә. Ашировтың жетекшілігімен 3 докторлық және 16 кандидаттық диссертация қорғалды. Оның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері 8 елде-Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Түркия, Германия және Канадада өндіріске енгізілді.
«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.
А.Ашировтың авторлығымен Ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар авторларының халықаралық академиясы 2004 жылғы қыркүйектегі № А-330 ашуға берілген өтінімнің ғылыми сараптама нәтижелері негізінде «Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарының биорезонанстық активтенуін күшейту заңдылығы» атты ғылыми жаңалықтың қабылданғанын растап, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті О.Л.Кузнецов және Халықаралық ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар авторлары академиясының президенті В.В. Потоцкий арнайы диплом берді (10.12.2004ж. Мәскеу, тіркеу нөмірі №330).
Ұлттық инновациялық қордың, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің, ҚР ЖОО қауымдастығының шешімімен 2005 жылы А.Әшіров 2001-2005 жылдары «Үздік өнертапқыш» деп танылды, 2004 жылы Ресей және Герман (Ганновер) сараптамасынан кейін А. Әшіров № 272 «Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарының биорезонанстық активтенуін күшейту заңдылығы» ғылыми жаңалығы үшін дипломмен және Нобель сыйлығының лауреаты П. Л. Капица «Ғылыми жаңалықтың авторы» медалімен марапатталды.
Технология 8 елде - Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Түркия, Германия, Канадада зертханалық сынақтардан бастап ірі машиналық дала сынақтарына дейінгі барлық кезеңдерден өтті. Технология 2016 жылы Кембридж университетінде (Англия) таныстырылды, 2017 жылы Forbes журналының нұсқасы бойынша үздік 10 инновациялық жобаның қатарына енді және оны пайдалану бойынша қызметтерді сатуға толық дайын.
Ол алты бала мен 11 немере тәрбиелеп өсірді. Ашировтың немерелерінің бірі, Жансая Әбдімәлік, шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер.
Иманбаев Нұрлан Сайрамұлы
Математик. Ғылыми кеңесінің мүшесі
Иманбаев Нұрлан Сайрамұлы
Математик. Ғылыми кеңесінің мүшесі
Иманбаев Нұрлан Сайрамұлы 1966 жылдың 7 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жамбыл колхозында дүниеге келді.
1973-1983 жылдар аралығында Жамбыл атындағы орта мектепті бітірген. 1983-1990 ж.ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің математика факультетінің математикалық анализ кафедрасында білім алды. 1984-1986 ж.ж. Кеңес әскерінің қатарында азаматтық борышын атқарды.
1990-1991 жылдары Шымкенттегі Қазақ химия-технологиялық институтының Жоғары математика кафедрасының оқытушысы, 1991-1992 ж.ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің функционалдық анализ кафедрасының стажер-зерттеушісі, 1992-1993 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы М. Горький атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. 1993-1996 ж.ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің математикалық анализ кафедрасының аспирантурасын бітірді. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы мамандандырылған диссертациялық кеңесте 01.01.02 – дифференциалдық теңдеулер мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға дайындалған диссертациясын сәтті қорғады. 1996-1999 ж.ж. осы аталған Ұлттық университеттің функционалдық анализ кафедрасында аға оқытушы, Республикалық О.Жәутіков атындағы физика-математикалық мектеп-интернатында математика пәнінің мұғалімі болды. 1999-2011 ж.ж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Шымкент институтының жоғары математика кафедрасында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарды.
2002 жылы Американың математиктер қоғамынан 1995 жылы жариялаған мақаласы үшін ғылыми сенім хатын алған. 2011-2012 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының математика кафедрасының доценті қызметін атқарды. 2012-2016 ж.ж. Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің математика кафедрасының профессоры болып жұмыс жасады. 2016 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің математика кафедрасының профессоры болып қызмет атқаруда.
2002 жылы ҚР БжҒМ ЖАК шешімімен 01.01.00 – Математика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы, 2014 жылы ҚР БжМ-нің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 01.01.00 – Математика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
2000-2004 ж.ж. М. Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы, 2016-2018 ж.ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы диссертациялық кеңестердің мүшесі болған. 7 кандидаттық, 2 Ph.D – диссертацияларға ресми оппоненттік жасады. 1-кандидаттық, 12-магистрлік диссертацияларға жетекшілік жасады.
2015 жылы Алматы Менеджмент университеті тағайындаған «Ғылымдағы Академиялық адалдығы үшін» дипломымен марапатталды. ҚР БжҒМ Ғылым Комитеті 2015-2017 ж.ж. жариялаған «Неусиленно регулярные спектральные задачи: Описание классов краевых условий и устойчивость свойства базисности корневых векторов» тақырыбындағы 0825/ГФ4 ғылыми жобаның Алматыдағы Математика және математикалық модельдеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, ғылыми жетекшісі болды.
ҚР БжҒМ Ғылым Комитеті 2021-2023 ж.ж. жариялаған «Вопросы безусловной базисности системы корневых функций оператора Штурма-Лиувилля с линейным вхождением спектрального параметра в краевые условия» тақырыбындағы AP 09260752 ғылыми жобаның Алматыдағы Математика және математикалық модельдеу институтының бас ғылыми қызметкері ретінде ғылыми жетекшілік жасауда.
Web of Science базасында 20 мақаласы Q1, Q3 квартильдерінде жарыққа шыққан, Хирш индексі h=4, Scopus базасындағы 20 мақаласы процентилі 35, 52 –ге тең басылымдарда жарияланған, Хирш индексі h=4. 100-ден астам ғылыми мақалалар мен 4 монографияның, 6 оқу құралдарының авторы.
2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың мадақтамасымен, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 80 жылдығы төсбелгісімен марапатталған.
2017 жылы ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» жеңімпазы атанды және 2019 жылы ҚР БжҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.
ҚР ЖОО ғалымдары арасындағы Тәуелсіз аккредиттеу агенттігі жүргізген ТОП-50 құрамына 2018 жылы 48-ші, 2020 жылы 46-шы орындармен енді.
2020 жылы қарашадан бастап Алматыдағы ҚР ғылыми-зерттеу экспертизалық сараптау кеңесінің математикалық зерттеулер бойынша эксперттік-мүшесі, 2020 жылы осы университеттің ғылыми кеңесінің мүшесі.
2002 жылдан бастап Стратегиялық бағыттағы зымырандық әскердің майоры шеніндегі запастағы офицері.
Нарожная Валентина Дмитриевна
Орыс тілі және әдебиет ғалымы
Нарожная Валентина Дмитриевна
Орыс тілі және әдебиет ғалымы
Нарожная Валентина Дмитриевна 1953 жылы 26 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Шымкент педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастап, 1975 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында қажырлы еңбек етіп келеді.
1992 жылы В.Д.Нарожная М. В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде кандидаттық диссертация қорғады. 1996 жылы доцент атанып, 2010 жылы докторлық диссертация қорғады.
Валентина Дмитриевна "Қарым-қатынастың бейвербалды құралдары: мәдениетаралық коммуникация аспектілері", "Бейвербалды коммуникацияның ментальді маркаланған концептілері" атты екі монографияның, 30-дан астам оқу және оқу-әдістемелік құралдардың, Қазақстан Республикасында және алыс және жақын шетелдерде (Ресей, Қырғызстан, Украина, Англия, Польша, Венгрия, Болгария және т.б.) ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында 250 ғылыми мақалалардың авторы. Валентина Дмитриевнаның жетекшілігімен орыс тіл білімі мен мәдениетаралық коммуникация теориясының жалпы мәселелері бойынша 11 магистрлік диссертация қорғалды.
В. Д. Нарожнаяның русистика саласындағы оқытушылық және ғылыми жұмысының жалпы өтілі 46 жылды құрайды. Ол Қазақстан Республикасының "КАЗПРЯЛ" орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының қоғамдық бірлестігінің мүшесі, "Ресей жоғары оқу орындарының түлектері" қазақстандық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, "Эпоха и личность" ғылыми-ағартушылық жобасы командасының мүшесі, М.Д. Шаповаленко атындағы Халықаралық Мариин академиясының академигі (Мәскеу қ.).
Жоғары білікті мамандарды даярлау ісіндегі еңбегі, ғылыми-зерттеу жұмысындағы жоғары жетістіктері, көп жылдық жемісті кәсіби және белсенді қоғамдық қызметі үшін Валентина Дмитриевна "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген білім беру қызметкері" төсбелгісімен (2011 ж.), "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 80 жылдығы" медалімен (2017 ж.) марапатталды.
Оқу және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі елеулі табыстары, орыс тілі мен әдебиетіне деген жоғары кәсібилігі мен сүйіспеншілігі үшін Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество Өкілдігінің Алғыс хаттарымен, орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық қауымдастығы (МАПРЯЛ) және "Ресей жоғары оқу орындарының түлектері" бірлестігі төралқасының орыс тілі мен әдебиеті бойынша іс-шараларды өткізуге белсенді қатысқаны үшін, Қазақстанның оңтүстік өңірінде орыс тілін дамыту мен таратудағы жемісті қызметі үшін Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ибашова Альмира Байдабекқызы
Физика факультетінің деканы
Ибашова Альмира Байдабекқызы
Физика факультетінің деканы
almira_i@mail.ru
Ибашова Альмира Байдабекқызы 1969 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Қараспан ауылында педагогтар отбасында дүниеге келген. 1976-1986 жылдары М.Горький атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірген. 1986 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, оны 1991 жылы математика және есептеу техникасы мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991-1992 жылдары Бөген ауданы, Қайнар ауылы, М.О.Әуезов атындағы орта мектепте математика және информатика мұғалімі болып бастады. 1992-1996 жылдары М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының алгебра, информатика және есептеу техникасы кафедрасына, 1996-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында «Ақпараттандыру» кафедрасына аға оқытушы қызметіне қабылданды. 2008-2011 жылдары Академиялық инновациялық университеті «Ақпаратттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы болып еңбек етті.
2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің диссертациялық кеңесінде 13.00.02 – оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі / информатика/ мамандығы бойынша «Методические основы обучения информатике учащихся первых двух лет начальной школы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
2011-2014 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында информатика кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс жасады.
2014-2016 жж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі болды.
2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Физика-математика» факультетінің деканы.
Альмира Байдабекқызы соңғы бес жылда 61-ге жуық ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрген, оның ішінде Скопус базасындағы журналдарда – 2, білім беру саласындағы процентиль 35 тен жоғары; Комитет ұсынатын басылымдарда – 10; Шетелдік халықаралық конференцияларда – 3, 2 монография мен 2 оқу құралы жарық көрген. Сонымен қатар магистранттар мен студенттермен бірлесіп дайындалған 30-ға жуық баяндамасы халықаралық және республикалық деңгейдегі конференция материалдарының жинақтарында жарияланған.
Альмира Байдабекқызын студенттер, магистранттар және докторанттарға ғылыми жетекшілік ететінін де атап кеткен жөн.
А.Б.Ибашова өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Атап айтатын болсақ, Абай атындағы КазҰПУ ұйымдастыруымен білім беруді ақпараттандырудың бағыттары бойынша, NIS «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мұғалімдерді даярлау бойынша ЖОО-лардың профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, сонымен қатар Германияда ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы бойынша тағылымдамадан өтті.
Ибашова Альмира Байдабекқызының жетекшілігімен ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің 2021-2023 жылдарға ұсынылған гранттық қаржыландыру конкурсының негізінде «Smart-білім беру жағдайында "Scratch" және "Робототехника" курстары бойынша бастауыш мектепте ақпараттық білім ортасын әзірлеу» атты жоба грант ұтып алынды. Жалпы жобаның жүзеге асыру барлық мерзіміне: 32 млн. 917 мың, 618 теңге, 50 тиын берілген.