Орынбетова Эльмира Асилтаевна
ОРЫНБЕТОВА ЭЛЬМИРА ӘСІЛТАЙҚЫЗЫ
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
филология ғылымдарының кандидаты
Орынбетова Эльмира Әсілтайқызы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Некрасов атындағы №9 орта мектепті бітірген.
Сол жылы Ы.Алтынсарин атындағы Түркістан педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 1990 жылы үздік аяқтаған.
1995 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімшесінде "Ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша үздік бітірген.
2007 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің күндізгі аспирантурасында оқыған. Ұстаздық жолын 1989 жылы Алматы қаласындағы "Снегурочка" балабақшасының тәрбиешісі болып бастап, 1996-2004 жылдары Шымкент қаласындағы В. Маяковский атындағы №2 орта мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген.
2004-2006 жылдары "Болашақ" колледжінің "Тіл білімі" кафедрасының меңгерушісі, ал 2006-2011 жылдары ШУ ЭИ "Жалпы кәсіптік пәндер" кафедрасының меңгерушісі болған. 2018 жылдан бастап ОҚМПУ мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасында аға оқытушы, ал 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істейді.
Э.Ә.Орынбетова 2010ж. қарашада А.Байтұрсынов атындағы Қазақстан Республикасы ҰҒА Тіл білімі институтында "М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы ономастикалық кеңістікті лингвомәдени талдау" тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.
Ғылыми қызығушылықтары ономастика мен топонимиканы зерттеумен байланысты. Ол халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық конференцияларға белсенді қатысады, 50-ден астам жарияланған ғылыми мақалалары, оқу және оқу-әдістемелік құралдары, сондай-ақ халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың көптеген сертификаттары және ҚР БҒМ аккредиттеу туралы куәліктері бар.
Эльмира Әсілтайқызы "Білім беру ісінің Үздігі" (2013), "Ұлағатты ұстаз" (2018), "Үздік автор" (2020) төсбелгілерімен, "ОҚМПУ 80 жылдығына" мерейтойлық медалімен (2020), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен (2024) марапатталған.
Эльмира Әсілтайқызы Орынбетова үздіксіз өзінің ғылыми және әдістемелік деңгейін арттырып отырады әрі кафедраның қоғамдық өміріне қатысып, оқытушылар мен студенттер арасында беделді.