Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық
университеті оқытушы-профессорлар құрамының бос қызмет орындарына конкурс
жариялайды:
1.
Ғылыми дәрежесі бар
(ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD)
факультет деканының бос қызмет орнына:
-
Дене шынықтыру және спорт факультетінің
деканы - 1
бірлік.
2.
Ғылыми дәрежесі бар
(ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD (философия докторы) кафедра меңгерушісінің бос қызмет орнына:
-
“Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі”
кафедрасының меңгерушісі - 1бірлік.
3. Ғылыми дәрежесі бар (ғылым докторы немесе ғылым
кандидаты немесе (PhD)),
профессор-оқытушы құрамының бос қызмет орындарына:
-
“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы- 1 бірлік;
4. Магистр және оқытушының бос қызмет орнына:
-
“Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасы - 1 бірлік;
-
“Педагогика” кафедрасы - 1 бірлік.
Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі бар білім беру
ұйымдарында басшы қызметте немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем
болмауы.
Кафедра меңгерушісінің біліктілігіне
қойылатын талаптар: жоғары
білімі, ғылым дәрежесі, ғылыми атағы және білім беру ұйымдарында басшы қызметте
немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.
Доцент,
қауымдастырылған профессор (доцент) біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі және ғылыми-педагогикалық
қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде доцент қызметінде кем
дегенде бір жыл болуы.
Аға оқытушының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі
3 жылдан кем болмауы, оның ішінде оқытушы қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.
Оқытушының біліктілігіне қойылатын талаптар:
жоғары білімі, магистр академиялық дәрежесі болуы тиіс.
Өтінішке қосымша мына
құжаттарды тапсырады:
- Басқарма төрағасы-Ректордың
атына өтініш;
- үміткердің электрондық
форматтағы анкетасы (профессор-оқытушылар құрамы үшін);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
- Жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми
атағы туралы дипломдардың көшірмелері
және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- еңбек қызметін растайтын құжат
(кадрлық есепке алу жөніндегі жеке парақ және 3х4 сурет);
- соттылығы жоқ туралы анықтама;
- ғалым хатшы куәләндырған ғылыми
еңбектер мен өнер табыстар тізімі (соңғы 5 жылғы);
- шет тілдерін меңгергені туралы
сертификаттар (бар болған жағдайда);
- қайта даярлау және біліктілікті
арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда) және
салыстырып тексеру үшін түп нұсқалары (соңғы 5 жылғы);
- Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі
№272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартының(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша
конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама);
- №272 бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық
ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Өмірбаян.
Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау
өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа
қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (алдыңғы жұмыс орнындағы
басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын
құжаттар бере алады.
Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен
бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қ., Ө.Жәнібеков атындағы
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 134 кабинет (Казпочта арқылы), info@okmpu.kz (электронды почта), анықтама телефоны:
87789028076, 30-14-59 (кадр бөлімі).
Құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты: 13.02.2025ж., сағат
15.00-ге дейін.
Конкурс өткізілетін күні мен орны: Хабарланады!