Зерттеуінің аты: The Technology of Foam-Glass Building Materials for Heat Insulating Purposes Using Amorphous-Silica Rocks
Зерттеудің пайдасы: Аморфты кремнеземді жыныстардан құрылыс материалы ретінде қолдануға болатын жылу оқшаулағыш көбікті шыны жасауға болатынын көрсетті
Зерттеудің қысқаша сипаттамасы: Бұл
зерттеу жұмысында құрылысқа арналған көбікті шыны материалдарын алу үшін
шыныланған аморфты кремнеземді жыныстар зерттелді. Аморфты кремнеземді жыныстар – құнды SiO₂ көздері
болып табылады және құрамында алюминий тотығы, сілтілі және сілтілік-жер
металдарының тотығы бар, бұл өндіріс шығындарын және бастапқы шикізатқа деген
қажеттілікті азайтады.
Қазақстандағы
Түркістан-Ораңғай кен орнынан
алынған шыныланған опоктардың химиялық және минералдық құрамы мен құрылымдық
қасиеттері, сонымен қатар
шикізаттың негізгі жылулық қасиеттері мен реакциялық қабілеттілігі анықталды.
Опоктардағы ≡Si-O-Si≡ байланыстарының байланыс энергиясы әлсіз және ≡Si-OH байланыстарының
үлесі жоғары болғандықтан, опоктар
негізіндегі шихталардың күйдіру температурасы кварц құмына қарағанда төмен Сол себепті оларда төмен
температурада қабатты құрылымдардың түзілуі жеңілдейді.
Опоктардан
көбікті шыны материалын алу үшін қажетті температура-уақыт режимі тәжірибе
жүзінде анықталды және жылумен өңдеу температурасын төмендететін технологиялық
факторлар белгіленді. Көбікті шыныдағы силикат түзілу процестері, сондай-ақ
оның фазалық құрамы мен құрылымы зерттелді.
Табиғи кремнезем негізінде тікелей көбікті шыны алу параметрлері анықталып, алынған материалдың физикалық және техникалық қасиеттері бағаланды. Силикат түзілуінің термодинамикалық моделдеу (максималды энтропия принципі негізінде) нәтижесі бұл технологияның жылу оқшаулағыш көбікті шыныны алудың энергия үнемдейтін технологиясы бола алатынын көрсетті.
Ғалымның университет сайтындағы профиліне сілтеме: https://zhanibekov.edu.kz/university/personals/410/