Zhanibekov university logo

EduCampShym лагері бүгін физика-математика факультетімен танысты

Маусым 10, 2025, 3:58 Т.Қ. Медиа Орталық


 

Университет базасындағы EduCampShym лагерінің екінші кезеңінің екінші күні бүгін физика-математика факультетімен танысуға арналды. Жазғы лагерьді пайдалы өткізуге арнаған оқушылар математика әлемімен, робототехника және оны құрастыру, бағдарламалауды үйренді. Факультет зертханаларымен танысып, университет туралы бейнероликті тамашалады.

Болашағын информатика пәнімен байланыстырғысы келетін жас өрендер алдағы уақытта мамандық таңдауда Zhanibekov University зор мүмкіндіктер ортасы екенін сезінді. Жазғы лагерь жалғасуда.