Zhanibekov university logo

EDUCAMPSHYM ОҚУ ЛАГЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

Маусым 9, 2025, 4:02 Т.Қ. Медиа Орталық


Бүгін университет базасында EduCampShym оқу лагерінің келесі онкүндік кезеңінің ашылу салтанаты болды. Салтанатты шарада Басқарма мүшесі—Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Баршагүл Исабек оқушыларға кәсіби бағдардың өмірлік маңызы туралы түсіндіріп, университет тарихы мен жетістіктері туралы баяндады.

Концерттік бағдарламада қатысушылар назарына белгілі өнерпаз Самат Өтеболатовтың орындауында дәстүрлі ән, айтыскер Даниал Болысбектің арнауы мен «Ақбаян» студенттік сән театрының этнонақыштағы ұлттық киімдері ұсынылды. Мектеп оқушыларына арналған лагерьде жас өрендер университетемізде оқытылатын мамандықтармен, басқа да көңілді де мазмұнды шаралардың куәсі болмақ.