Мұсабаева Айгүл Әміржанқызы
Мұсабекова Айгүл Әміржанқызы
Мұсабекова Айгүл Әміржанқызы 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы,Шаулдір ауылында дүниеге келген. 1986-1997 жылдары Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектепте оқып, үздік аттестатпен бітіріп шығады. Осы жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінінің (бұрынғы Шымкент қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент филиалы) филология факультеті ағылшын тілі мамандығының 1-курсына қабылданады. 2001 жылы аталған жоғары оқу орнын аяқтады. 2013 жылы педагогикалық ғылымдардың магистрі ғылыми дәрежесін иеленді.
Еңбек жолын 2001-2003 жылдары Шымкент қаласындағы ОҚУ,2003-2008 Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шетел тілі кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары Академиялық инновациялық университетінде ағылшын тілі оқытушысы ретінде жұмыс жасады.
2011-2012 оқу жылында қайта ашылып, қалпына келтірілген Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдері кафедрасының оқытушысы қызметін абыройлы атқарды.
2019 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.
Назарбаев Университетінде, «Дистанционные образовательные технологии для разработки онлайн курсов ОУР» (ЮНЕСКО, Қазақстан) және ҚР БҒМ және АҚШ елшілігімен бірлескен «Virtual training on English language teaching methodology, content and curriculum development» біліктілік курстарынан өткен. Бірнеше халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейде өткен ғылыми, әдістемелік, тәрбиелік іс-шараларға қатысып, сертификат алған.
Бірнеше халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференция, семинар сертификаттары туралы куәлігін иеленген.
ОҚМПИ мадақтамалармен марапатталған.
40-тан аса ғылыми және публицистикалық мақалалардың, бірнеше оқу-әдістемелік оқу құралдарының авторы.