Zhanibekov university logo
Image

Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі

Кафедра Дене шынықтыру және спорт
Image

Кульбаев Сейтбек

Кульбаев Сейтбек Ғылыми дәрежесі, ғылыми мектебі: педагогика ғылымдарының кандидаты, мамандығы бойынша 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика. (Диплом ҒК № 0007394 22.10.2002 ж. хаттама №18) педагогика мамандығы бойынша доцент (Диплом № 0004289 12.06.2003 г. протокол №12). Білімі: жоғары 1. Шымкент мемлекеттік педагогикалық институты, мамандығы: Дене тәрбиесі, бітірген жылы 1971ж Кәсіби тәжірибесі: Жалпы еңбек өтілі – 44 жыл, ғылыми және педагогикалық еңбек өтілі – 5 жыл. 2015 ж. бүгінгі күнге дейін «Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық» кафедрасының доценті, ОҚМПУ. 2012-2015 жж ОҚ кешенді жоғары спорт мектебінің директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары. 2009 ж. маусымнан 2012 ж. ОҚО Б.Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектепинтернатының директоры. 2008 ж. желтоқсан 2009 ж. маусым «Балалар мен жеткіншектерге арналған аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі» орталығының директоры. 1998-2008 жж №3 Облыстық олимпиада ізбасарларын дайындайтын мектептің директоры, наурыз 2008 жылдың №3 облыстық мектептің оқу ісінің меңгерушісі. 1996-1998 жж ОҚО дарынды балалардың спорт мектеп – интернатының директоры. 1991-1996 жж Облыстық білім саласындағы спорт және дене шынықтыру басқармасында бөлім меңгерушісі. 1978-1991жж Шымкент дене шынықтыру техникумында мұғалім, бөлім басшысы. 1973-1978 жж №7 Қ.Сатпаев атындағы орта мектепте мұғалім. Біліктілігін арттыру, тағылымдамадан: - Мектепке дейінгі балаларға дене тәрбиесінің физиологиялық әсері. 410-414 бб. «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ» Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. II-том. Шымкент-2017ж. - Білім беру жүйесіндегі технологиялық үрдістер. 243-246 бб. «Қазіргі заманғы саяси және мәдени кеңістіктегі өнер мен білім» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағы.2-бөлім. Шымкент-2018ж. - Балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негіздері. 296-300 бб. «Инновациялық білім беру жағдайындағы педагог креативтілігі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары.1-бөлім. Шымкент-2019ж. - Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерді кәсіби дайындаудағы құндылықтар. 409-412 бб. «Инновациялық білім беру жағдайындағы педагог креативтілігі» атты Халықаралық ғылымитәжірибелік конференциясының материалдары.1-бөлім. Шымкент2019ж. Біліктілікті арттыру курсы " РМҚК "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы"-72 с. Астана қ.2012ж., 2015ж.