Zhanibekov university logo
Image

Орыс тілі мен әдебиеті

Кафедра Филология
Image

Абдыханов Уалихан Кибраевич

АБДЫХАНОВ УАЛИХАН КИБРАЕВИЧ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры филология ғылымдарының кандидаты Абдыханов Уалихан Кибраевич 1949 жылы Шымкент (қазіргі Түркістан) облысы, Шаян (қазіргі Бәйдібек) ауданы, Майбұлақ ауылында дүниеге келді. Алғабас (қазіргі Бәйдібек) ауданы, М.О.Әуезов атындағы орта мектепті 1966 жылы бітірді. 1968 жылы Н. К. Крупская атындағы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсті. 1972 жылы осы институттың орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген Еңбек жолын 1972 ж. Алғабас (қазіргі Бәйдібек) ауданы, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1978–1985 жылдары Шымкент қаласы Б. Момышұлы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып істеді, 1985–1989 жылдары – Мұғалімдердің білімін жетілдіру Шымкент облыстық институтының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері. 1989 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ШПИ, АИУ, ХҚТУ ШИ оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметтерін атқарып, орыс және әлем әдебиеті кафедрасын басқарды. 5 жыл бойы ШПИ филология факультетінің кәсіподақ бөлімінің төрағасы болып сайланды. Қазіргі таңда Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры қызметін атқарады.. Абдыханов У. К. 2002 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы ҰҒА М. О. Әузова атындағы Әдебиет және өнер институтында «Қазіргі қазақ прозасындағы зиялы қауым бейнесін ашудың әлеуметтік-адамгершілік аспектілері» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2005 жылы әдебиеттану доценті ғылыми атағы берілді. 2024 жылдың қыркүйегінде Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың ғылыми кеңесі профессор ғылыми атағы берілді. Абдыханов У. К. ғылыми қызығушылықтары қазақ, орыс, Шығыс және Батыс әдебиеттерінің байланысын, аударматану мәселелерін қамтиды. Ғалымның әдеби зерттеулерінде Р. Ш. Сейсенбаевтың және басқа да Қазақстан жазушыларының шығармалары, зиялы қауым мен халық арасындағы қарым-қатынастың әлемдік әдебиеттегі өзекті мәселелерін зерттеу ерекше орын алады. Абдыханов У. К. Ресейдің Қабарты-Балқар мемлекеттік университетімен (ҚБМУ) тығыз байланыста. Жыл сайын ОҚПУ студенттері мен оқытушылары жазғы мектепке (ҚБМУ) қатысады, онда Солтүстік Кавказ халықтарының әдебиетімен және мәдениетімен танысады, дөңгелек үстелдерге, конференцияларға, тренингтерге, шеберлік сабақтарына қатысады. Профессор ежелгі орыс әдебиетінің тарихы, XVIII, XIX, XX ғасырлардағы орыс әдебиетінің тарихы, әдебиет теориясы бойынша лекция оқиды, практикалық сабақтар жүргізеді, дипломдық жұмыстардың орындалуына жетекшілік етеді. Абдыханов У. К. халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысады. Оның шығармалары халықаралық және республикалық басылымдарда, соның ішінде Ресейде, Францияда, Болгарияда, Польшада, Чехияда, Англияда қазақ, орыс, ағылшын және португал тілдерінде жарияланған, сонымен қатар Лермонтов мемлекеттік қорық-музейінің (РФ) «Тархан хабаршысында» 2007–2015 жылдары жарық көрген. Республикалық «Мысль», «Простор», «Нива», «Қазығұрт» журналдары мен «Казахстанская правда», «Klasstime» газеттерінде, облыстық, қалалық «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Оңтүстік Қазақстан» Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінде мақалалары жарияланған. Профессордың 340 жарияланған ғылыми-әдістемелік жұмыстары, оның ішінде үш монографиясы, жиырма екі оқу-әдістемелік құралдары, бір патент бар. Абдыханов У, К. республикалық, студенттер мен мектеп оқушыларының облыстық олимпиадалар мен шығармашылық жұмыстары конкурстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. М.Д.Шаповаленко атындағы Халықаралық Мариин академиясының ҚР Ұлттық филиалының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жетекшісі және толық мүшесі. (2017, Ресей, Мәскеу), Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің халықаралық қауымдастығының (2008), ҚР«Түркі халықтарының мәдени орталығы» қоғамдық ұйымының (2010), Ресей Ғылым академиясы Орыс философиялық қоғамының мүшесі болады (2010, РФ, Мәскеу) . Уалихан Кибраевич Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы құрметті қызметкері (2017), ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы «Нұр-Отан» ХДП, «Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің (2017), ҚР «Қазақстандық өнеркәсіптік білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының» (2018), РФ «RIONI» грузин ұлттық мәдени орталығының (2019), «Сябридің бірлігі үшін» Қабарты-Балқар қоғамдық қозғалысының ОҚМПУкомандасына (2019 ж.), ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің (2024) құрметті грамоталарымен, ҚР Түркістан облыстық мәслихатының грамотасымен (2022), Қазақстан Республикасы Шымкент қаласы әкімінің (2022 ж.). алғысымен марапаттаған. Абдыханов У. К. ӘМ КПИС «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК «Үй жануарларының саркоптоидозын емдеу әдісі» өнертабысқа инновациялық патенттің авторы (2013 ж.), № 80414. Профессор үнемі өзінің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру үшін жұмыс істейді, кафедра мен университеттің қоғамдық өміріне қатысады, оқытушылар, студенттер мен қызметкерлер арасында беделге ие.