Утембаева Майра Мылтыкбаевна
УТЕМБАЕВА МАЙРА МЫЛТЫКБАЕВНА
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
гуманитарлық ғылымдар магистрі
Утембаева Майра Мылтыкбаевна 1971 жылы 25 сәуірде ОҚО Фогелево ауылында дүниеге келген.
1988 жылы А.Жданов атындағы орта мектепті бітіріп, Шымкент қаласындағы педагогикалық институтына филология факультетіне оқуға түсті.
1993 жылы ХҚТУ М.Ауэзов атындағы педагогикалық институтын үздік бітірген.
Ұстаздық жолын 1993 жылы Шымкент қаласындағы N35 М.Мәметова атындағы мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1995-1997 жж. ҚазХТИ машықтанушы-зерттеуші болып жұмыс атқарды.
1997-2001жж. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ аспиранты.
2004-2013жж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы болып жұмыс жасады.
2013 жылдан қазіргі таңға дейін Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы ретінде жұмыс атқаруда.
Утембаева М.М. 2014-2016 жж. КИПУДН
магистратурасында 6М020500 «Филология (орыс филологиясы)» мамандығы бойынша оқып, «Гуманитарлық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесіне иеленді.
М.М.Утембаева 5 оқулықтың,10 әдістемелік әзірлеменің авторы. «Медиалингвистика» атты элективті курстын және YouTube платформасында «Орыс тілі», «Кәсіби орыс тілі» пәндері бойынша практикалық сабақтардың бейнебаяндардың әзірлеушісі.
Жыл сайын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. 60-тан астам ғылыми мақалалар Қазақстан Республикасында, жақын және алыс шетелдерде өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтарында, сондай-ақ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтарында жарияланған.
М.М.Утембаева «ОҚМПИ 80 жылдығы» медалімен (2020 ж.), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және ҚАЗПРЯЛ ұйымдастыру комитетінің алғыс хаттарымен марапатталған.
М.М.Утембаева ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытып, кафедраның қоғамдық өміріне белсене араласады, әріптестері мен студенттері арасында лайықты құрметке ие.