Исабекова
Гүльфира Есхазиевна 1963 жылдың 30 қарашасында
Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1986 жылы ЖГПИ-ді «Орыс тілі мен
әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын
сол жылы Шымкент қаласындағы Жамбыл атындағы №26 орта мектепте бастаған.
1998 жылдан бастап
МҚТУ-дің Шымкент бөлімшесінің филология факультетінің орыс тілі және әдебиеті
кафедрасына зерттеуші-стажер болып қабылданып, 2000 жылдан бастап осы кафедрада
оқытушы болып қызмет еткен.
2006 жылдан
бастап А.Ясауи атындағы МҚТУ-дің Шымкент институтында, кейіннен АИУ-де орыс
тілі және әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеген.
2011 жылдың
қыркүйегінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін ОҚМПУ-дың қазақ және әлем әдебиеті
кафедрасында қызмет етті. Қазіргі уақытта Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан
педагогикалық университетінің орыс тілі және әдебиеті кафедрасының аға
оқытушысы.
Ғылыми
қызығушылықтары мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелерімен, ұлттық тілдік сана
және лингводидактикамен байланысты. Қазақстанда және алыс-жақын шетелдерде (Ресей,
Чехия, Болгария, Қырғызстан, Беларусь) жарияланған 40-тан астам ғылыми
мақалалардың авторы. Мақалалар: «Педагогическая практика филологов: Проблемы и
перспективы», «Мухтар Шаханов –великий идеолог и поборник нравственности»,
«Паремиологическая картина мира в аспекте гендерных исследований».
Марапаттары
мен алғыс хаттары: «ОҚМПУ-дың 80 жылдығына» арналған мерейтойлық медаль (2020),
ҚазПРЯЛ президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор
Э.Д.Сүлейменовадан алғыс хат (Алматы, 2018), куәлік №3136: “Білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісі, университет
басшылығының алғыс хаттары және т.б.