Zhanibekov university logo
Image

Химия

Кафедра Жаратылыстану
Image

Мәдібекова Ғалия Муталиевна

Мадыбекова Галия Муталиевна

Химия ғылымдарының кандидаты, профессор

Galiya56@list.ru

Білімі

1973-1978 жж С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), химия факультеті, мамандығы: химия, квалификациясы: химик, химия оқытушысы.

 Еңбек жолы

1978-1980  жылы Қазақ химия-технология институтында инженерлік қызмет.

1980-1988 жылдары  Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент филиалында оқытушылық қызмет.

 1988 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институтында оқытушы, Жаратылыстану факультетінің декан орынбасары, аға оқытушы, доцент, 2007-2017 жылдары Химия кафедрасының меңгерушісі    қызметтерін   атқарды. Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Химия кафедрасының профессоры.

Кәсіби қызмет көрсеткіштері

1) Ғылыми дәреженің, ғылыми атақтың болуы

Химия ғылымдарының кандидаты, 02.00.11-Коллоидты және мембранды химия, маусым 1996 ж.; доцент, сәуір 1998 ж.;  профессор, тамыз 2024 ж.

2) Эксперттiк жұмыс тәжірибесі:

2017-2019 жж аралығында ҰҒК-те шақырылған эксперттік топ мүшесі;   1996 жылдан 2016 жылдар аралығында  әр түрлі жылдарда  мектеп оқушыларының облыстық, қалалық ғылыми жобалар конкурсының төрағасы, мүшесі.

 3) Жарияланымдар

Барлығы-200-ден аса ғылыми, ғылыми—әдістемелік еңбектер, оның ішінде - 3 монография, Скопуста – 11 мақала, патенттер.

4)   Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау

Магистранттар, докторанттар.    

5) Халықаралық жобаға қатысуы

1. “Темпус” бағдарламасы  2010-2013 ж.  Учебные компетенции и инфраструктура для е-learning  и переподготовки” тақырыбында №158918 жоба.   ХҚТУ бойынша координаторы.  Жұмыс нәтижелері   Еуроодақтың Білім, Аудио-көрнекі құралдар және Мәдениет бойынша орындаушы Агенттігі арқылы  Лиссабон конвенциясы мен Болон процесі  принциптеріне негізделіп, бақыланып отырады.

2. 2018-2021 жж Халықаралық ERASMUS+ бағдарламасы:   №585761-EPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP номерлі EduEnvi «Enhancing Competences of Sustainable Waste Management in Russian and Kazakh HEIs - Повышение компетентности в устойчивом управлении отходами в вузах России и Казахстана»  жобасының жауапты орындаушысы.

Бұл проектте ОҚМПУ ассоциирленген  ЖОО ретінде қатысты.

 6) Гранттық қаржыландыру (ГФ) 

1. ҚР БжҒМ-нің 2006-2008 жж гранттық қаржыландыру,   іргелі зерттеулер бағдарламасы конкурсында“Создание научных основ разработки новых полимерных композиций для обезвоживания, обессоливания и депарафинизации нефти” тақырыбы бойынша грант иегері, жауапты орындаушы.

2. 2009 жылы “Развитие физико-химических основ технологий   нанесения и получения композиционных материалов для тонких пленок с регулированием формирующихся наноструктур”  тақырыбында  Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ғалымдарымен бірлесе отырып ғылыми жоба жұмыстарын орындады.

3. 2016 жылы Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ  бірлесе   №757 МОН.ГФ.15.РИПР.11 «Разработка научных основ методологии сточных муниципиальных очистных сооружений с целью обеспечения защиты окружающей среды  от побочных продуктов дезинфекции триклозаном» тақырыбында ғылыми жоба орындауға атсалысты.

4. 2018-2020 жж БжҒМ гранттық қаржыландыру: № AP05132810   «Научно-практические основы технологии микрокапсулирования биологически-активных веществ и принципиально новых стимуляторов развития растений с целью интенсификации производства сельскохозяйственной продукции» атты жобаның жауапты орындаушысы,  ОҚМУ-мен бірлесе жүргізілген.

5. 2023-2025 жж ҒЖБМ гранттық қаржыландыру. АР19679879 «Сүт өнеркәсібінің қалдықтары негізінде функционалды сусындарды байыту үшін пробиотиктерді микрокапсуляциялау технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы жоба жетекшісі.

6. 2023-2025 жж ҒЖБМ гранттық қаржыландыру. AP19677375 «Білім беруді цифрландыру жағдайында жаратылыстану пәндері бойынша болашақ мұғалімдердің STEM құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбындағы жоба орындаушысы.

7. 2024-2026 жж ҒЖБМ гранттық қаржыландыру.  М. Әуезов ат. ОҚУ. АР23488050 «Разработка технологии создания экологически безопасных биоудобрений нового типа на основе микрокапсулирования композиций биологических агентов и микро/макронутриентов» тақырыбындағы жобаның жетекшісі қ.у.а. , жетекші ғылыми қызметкер.

8)  Бастамалы жоба

2016-2018 жж «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы негізінде виртуальды зертхана дайындау ғылыми орталығын құру арқылы болашақ педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбы бойынша к/ шарт негізінде АҚ «ҒТАҰО (АО «НЦНТИ») тіркелген № 0115РК02859 жоба жұмыстары жүргізілді. Виртуальды зертханалар дайындалды.

9) Халықаралық байланыстар

  2011-2013 жылдары Австрияның Вена университетінде, Англияның Open university университетінде, Германияның Мюнхен техникалық университетінде «Білім беру процесін жетілдіру мақсатында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып лекция және лабораториялық сабақтарға презентация дайындау, пәнаралық халықаралық зерттеу жобалары мен PhD курстары», «Дистанционды және электронды оқытудың компетенциясы мен инфраструктурасы»  семинар-тренингтер.

2019 ж Испания, Вальядолид университеті, Инновациялық оқыту әдістері. Семинар-тренинг. 

10) Марапаттар

- 2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін “Құрмет грамотасымен” марапатталды.

 - 2007 жылы Қазақстан Республикасы «ЖОО-ның үздік оқытушысы    мемлекеттік грант иегері.

- 2012 жылы   А. Байтұрсынов төс белгісі.

- 2013 ж ОҚО мәслихатының мақтау қағазы.

- 2014, 2015, 2016 жж ОҚМПИ бойынша,   2021 ж  ОҚМПУ  «ҒЗЖ үздік нәтижелері» номинациясы 1- орын.

- 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 80 жылдығына орай "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталды.

 - 2021 ж Мемлекеттік стипендия иегері.

 - 2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдығына орай Ғылым және жоғары білім министрлігінің “Құрмет грамотасымен” марапатталды.

- 2023 ж. ҒЖБМ «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.

 - 2024 ж.  ҚР  ҒЖБМ  Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің  2024 ж жылғы 15 тамыздағы шешімімен профессор ғылыми атағы  берілді.

 - 2024 ж. НЗМ мектебінің директорынан оқушылардың Республикалық  Fылыми жобалар байқауында комиссия мушесi болғанына Алғыс хат.

Оқу материалдары

Аналитикалық химия. Әдістемелік нұсқау

Ақп. 4, 2025, 12:20 Т.Қ.