Каражигитова Клара Нурмухамбетовна
Қаражігітова Клара Нұрмұхамбетқызы 1938 жылы 17 тамызда Қостанай қаласында мұғалім отбасында өмірге келді. Он жылдық білімді Орал облысы «Лубенко» бөлімшесіндегі мектепте білім алып,күміс медальмен бітірді.
1956 жылы Алматыдағы қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне түсті.
1961 жылы институтты қызыл дипломмен тәмәмдап, тұрмыс жағдайына байланысты Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында «Бірлік» совхозындағы мектепте «Орыс тілі» пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.
1963 жылы Кентау қаласында мұғалімдік жұмысын жалғастырды.
1969 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының «Педагогика» кафедрасының оқытушысы болып жұмысқа орналасты.
1981 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесі атағын алды.
1983 жылы доцент атанды.
Біраз жылдар Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде оқу ісінің проректоры қызметін атқарған.
«Сырдария» университетінде «Педагогика» кафедрасында ұстаздық қызмет етті.
2010 жылдардан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде осы күнге дейін педагогикалық қызметін атқарып келеді.
Осы аталған университетте де 3 жыл кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. Жұмыс барысында төрт рет Мәскеу қаласындағы педагогика ғылымдарының Академиясында білімін жетілдіріп, онда атақты ғалымдар Т.А. Ильин, Ю.К. Бабанский, В.Кирилл, С.Амонашвили сияқты т.б. ұстаздардан білім алған.
Қазақстан Республикасының жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері»
(2015 ж.), ҚР үздік ғылым кандидаты (2019 ж.)