Zhanibekov university logo
Image

Математика

Кафедра Физика-математика
Image

Ибрагимов Рысқұл Ілімұлы

Ибрагимов Раскул 1953жылы 15 майда Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы  Бекабад ауданындағы Чанақ совхозында туған.

   1959-1969 жылдарда Ж.Жабаев атындағы №18 орта мектепті ,1969-1973 жылдарда Ташкент облысы мемлекеттік педагогика институтының   жаратылыстану- математика факультетінің математика бөлімін қызыл дипломмен бітірген.  

     1973-1975 жылдарда Бекабад ауданындағы шеткі өлкедегі  №55 сан Ш.Уәліханов атындағы орта мектепте,1975-1977 жылдарда сол аудандағы №18 Ж.Жабаев атындағы орта мектепте  математика және физика пәндерінен сабақ берді.

    1977-1982жылдары Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика институтында  оқытушы, аға оқытушы  болып жұмыс атқарған.

1982-1986 жылдары Ташкент облысы  мемлекеттік педагогика институтында  оқытушы, аға оқытушы  болып жұмыс атқарған.

1987-1992жылдардаТашкент облысы  мемлекеттік педагогика институтының бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі кафедрасы меңгерушісі болып қызмет атқарды.

    1993-1996 жылдары Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика университетінің жалпы педагогика кафедрасы жанындағы 13.00.01- жалпы педагогика, педагогика және білім беру,этнопедагогика  мамандығы бойынша күндізгі докторантурасын бітірген.

1996-1999 жылдары Ташкент облысы  мемлекеттік педагогика институтының бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі кафедрасы меңгерушісі болып қызмет атқарды.

    1999-2001 жылдары Ташкент облысы мемлекеттік педагогика институтында қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы меңгерушісі , 2001-2003 жылдары жаңа педагогикалық технология және тәлімнің психологияның негіздері кафедрасы меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2003-2005жылдары Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетінің информатика және математика кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс  атқарды.

    2001 жылы «Бастауыш сынып оқушыларында танымдық іс-әрекеттерді қалыптастырудың дидактикалық негіздері(математика материалы негізінде)» атты докторлық диссертациясын педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.А.Мавлянованың ғылыми  кеңесшілігінде қорғап , педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болады.

2005-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің жоғары математика кафедрасында  доцент, профессор м.а.  болып қызмет етті.

2010-2012 жылдары  Академиялық инновациялық университетінде профессор міндетін атқарушы болып қызмет етті.

   2008-2011 жылдары  Халықаралық қазақ –түрік университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д.14.61.35 диссертациялық кеңесінің мүшесі   болды .

    2012-2014 жылдары Қазақстан Халықтар Достығы Университетінде информатика және математика кафедрасының меңгерушісі, 2015-2016 жылдары Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде инженер-техникалық факультеті деканы қызметтерін атқарды.

     2017жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты физика-математика кафедрасының доценті, 2018 жылдан қазіргі күнге дейін Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан  Педагогикалық Университетінің математика кафедрасында профессор қызметін  атқарып келеді.

2019-2021 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  университеті жанындағы  6Д010900-Математика мамандығы бойынша  диссертациялық кеңесінің мүшесі   болды .

    Р.Ибрагимов педагогтық жұмыстарын ғылыми зерттеу жұмыстарымен үйлестіріп,  16 арнаулы курстар,  4 монография , 20дан астам оқулықтар мен оқу құралдарын, 250 ден астам ғылыми мақалаларды баспада жариялаған.    Ол Өзбекстандағы бастауыш сыныптар үшін шығарылған республикалық математика оқулықтарының авторларының бірі . Оның басқа авторлармен бірлестікте шығарған бастауыш сыныптар үшін математика оқулықтары қазіргі уақыттарда бірнеше рет қайта баспадан шығарылып бастауыш мектептерде қолданылуда.  Отбасылы, отбасында екі ұлы мен екі қызы , немерелері бар