Zhanibekov university logo
Image

Бастауышта оқыту әдістемесі

Кафедра Тарих және педагогика
Image

Ақынова Ляззаткул Айтжановна

Ақынова Ляззаткул Айтжановна

Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасы, б.ғ.к., аға оқытушы

ӨМІРБАЯН

          1970 жылы 8 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келді. 1988-1993 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетінде химия-биология пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша оқыған. 1994-2003жж. Шымкент педагогикалық институтына лаборант, аға лаборант болып жұмыс жасаған. 2003 жылы Халықаралық қазақ түрік университетінің «Экология» кафедрасының оқытушысы қызметіне ауысты. 2009 жылы Алматы қаласында Микробиология және вирусология ғылыми зерттеу институтының ғылыми кеңесінде «Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған территорияларды жоғары сатыдағы өсімдіктер арқылы биоиндикациялау» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап, биология ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 2012 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарады. Қазіргі Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті. Жалпы еңбек өтілі 30 ж, Педагогикалық өтілі – 21 жыл

БІЛІМІ

1.     1988-1993 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетін химия- биология пәнінің оқытушысы мамандығы;

2.     2009 жылы биология ғылымдарының кандидаты;

ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕР:

1. Тиімді кері байланыс беру әдістері «Ұлы даланың жаңа тынысы» ХҒТК, Шымкент-ОҚМПУ 2019ж.

2. «Жаңартылған бағдарламамен дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы»оқу құралы, 2019ж.  Шымкент. «Жебе» баспасы

3. «Бастауыш сынып оқушыларын оқыта отырып дамыту аспектілері» Халықаралық ғылыми журнал "Қазақстанның ғылымы мен өмірі " №12/7 (153)2020ж. ЖАК басылымындағы журнал (Н.Ж.Әсілхан)

4. «Дүниетану сабақтарында қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану» Халықаралық ғылыми журнал "Қазақстанның ғылымы мен өмірі " №12/7 (153)2020ж. ЖАК басылымындағы журнал(Н.Ж.Әсілхан)

5. Дүниетану пәнінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында салауатты өмір салты дағдыларын дамытудың мүмкіндіктері «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің хабаршысы». - 2020. - № 2 (24). ( О. П. Садикова , А. С. Төлеген)

6. «The population status of Lagochilus setulosus Vved. and its biochemical composition» Ecological Questions 32(2021)2 1-12 стр (Scopus) (Arystanbek Eshibaev1, Zhanar Aimenova2,*, Lyazzat Nurseitova3,Aizhan Kopabaeva3)

7. «Жаратылыстануды оқыту әдістемесі-1 сынып» оқу құралы 27.04.21. ОҚМПУ, Шымкент

8. Determining logical teaching methods and techniques for primary schoolchildren’s thought and language development  Cypriot Journal of EducationalScie nces  

20.04.2022 (Shynar Ontuganova, Japbarov Amangeldi)

9. Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәні арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту. «Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің  заманауи мәселелері ХҒТК 29.03. 2024 Астана қ.( Құдайберген А.К., Шукурбекова Д. Е)