Ортаева Акмарал Сапаралиевна
Ортаева Акмарал Сапаралықызы 1970жылы Түркістан облысы, Келес ауданы, Алпамыс батыр ауылында дүниеге келді. 1978 жылы Б.Майлин атындағы ЖОМ 1 сыныбына барып, 1988 жылы С.Қожанов атындағы ЖОМ қызыл аттестатқа бітіріп шықты. 1988 жылы Алматы қаласы, Қазақ Қыздар мемлекеттік педагогикалық институттың Тарих және қоғамтану мамандығына оқуға түсіп, 1993 жылы аталған институтты бітіріп шықты. 1993 жылы Келес ауданына қарасты Б.Майлин атындағы мектепке Тарих және құқық пәндерінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 1996 жылы С.Қожанов атындағы ЖОМ-ке тарих пәнінің мұғалімі болып ауысты. 2007 жылы Шымкент қаласы, ХҚТУ –не «Қазақстан тарихы» кафедрасына лаборант болып жұмысқа тұрды. 2011жылы ОҚМПИ-на «Психология» кафедрасына оқытушы болып жұмыс жасады. 2016 жылы «Педагогика және психология» кафедрасында аға оқытушы қызметіне өтті. 2014 жылы Қырғыз Республикасында И.Арабаев университетінде «Сыныптан тыс жұмыстар негізінде оқушы-жеткіншектердің азаматтық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық негіздері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2019жылы Қырғыз Республикасының кандидаттық дипломын Қазақстан Республикасы ҒжБМ 10 шілдедегі №568 бұйрықтың негізінде ноострификация (Педагогика және психология мамандығының PhD) жасаттым. Қазіргі таңда «Педагогика» кафедрасында аға оқытушылық қызметін атқарады.
Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін төсбелгі. 2021 жыл.
Білім және ғылым министрінің алғыс хаты 2021 жыл.