
Тікелей байланыс
Комплаенс-офицер – Қоғамның Директорлар кеңесінің немесе Басқармасының мүшесі болып табылмайтын қызметкер, Директорлар кеңесімен тағайындалады. Өз қызметінде Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді және бағынады.
Комплаенс-офицер өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасы, Жарғы, Кодекс, осы Ереже, Қоғамның өзге де ішкі құжаттары, сондай-ақ Директорлар кеңесінің және Жалғыз акционердің шешімдері негізінде жүзеге асырады.
Комплаенс-офицердің функциялары:
Комплаенс-офицердің міндеттерін орындау үшін мынадай функциялар жүктеледі:
1. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу;
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттар мен саясатты әзірлеу және өзектендіру;
3. Қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа сәйкес келмейтіндерін жою бойынша ұсыныстар енгізу;
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
5. Мүдделер қақтығысын анықтау, мониторинг жүргізу және реттеу бойынша шаралар қабылдау;
6. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына мониторинг жүргізу
7. Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен академиялық адалдықты қалыптастыруға бағытталған ішкі құжаттарды сақтауын бақылау;
8. Азаматтық және бизнес-қоғам өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
9. Өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы ақпаратты ашық жариялау;
10. Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу және/немесе оларға қатысу;
11. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша жұмысты үйлестіру;
12. Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жәрдем көрсету;
13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасының өзгерістеріне мониторинг және талдау жүргізу;
14. Қоғамның адалдық қағидаттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру
15. Директорлар кеңесі үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы жыл сайынғы есеп дайындау;
16. Жалғыз акционер үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы жыл сайынғы есеп дайындау.