Zhanibekov university logo

ХАБАРЛАНДЫРУ. 08.09.2025

8 Қыркүйек 2025, 18:31
Zhanibekov university

Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті оқытушы-профессорлардың бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:

1. Ғылыми дәрежесі бар (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе (PhD)), профессор-оқытушы құрамының бос қызмет орындарына:

  • “Математика” кафедрасы – 1 бірлік (философия докторы PhD);
  • “Информатика” кафедрасы – 1 бірлік (философия докторы PhD);
  • “Химия” кафедрасы – 1 бірлік;
  • “География” кафедрасы – 1 бірлік (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты);
  • “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы – 3 бірлік;
  • “Орыс тілі мен әдебиеті” кафедрасы – 2 бірлік;
  • “Ағылшын тілі” кафедрасы – 3 бірлік(философия докторы PhD);
  • “Аударма ісі және шетел тілдері” кафедрасы – 3 бірлік(философия докторы PhD);
  • “Психология” кафедрасы – 1 бірлік (философия докторы PhD);
  • “Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасы: математика мамандығы – 1 бірлік (философия докторы PhD);
  • “Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері” кафедрасы - дизайн мамандығы бойынша ғылым докторы немесе ғылым кандидаты - 2 бірлік, дизайн мамандығы бойынша философия докторы (PhD) - 2 бірлік;

2. Ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD) ҚР мәдениет қайраткері (мәдениет саласының үздігі) немесе Еңбек сіңірген жаттықтырушы спорттық атағы бар профессор-оқытушы құрамының бос қызмет орындарына:

  • “Музыкалық білім” кафедрасы - 2 бірлік;
  • “Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі” кафедрасы – 1 бірлік, философия докторы (PhD) - 1 бірлік;
  • “Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру” кафедрасы – 1 бірлік (бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша немесе дене шынықтыру мамандығы бойынша);

3. Аға оқытушы және оқытушының бос қызмет орнына:

  • “Физика” кафедрасы – 1 бірлік;
  • “Математика” кафедрасы – 1 бірлік;
  • “Информатика” кафедрасы – 1 бірлік;
  • “Биология” кафедрасы – 3 бірлік;
  • “Химия” кафедрасы – 2 бірлік;
  • “География” кафедрасы – 1 бірлік;
  • “Ағылшын тілі” кафедрасы – 2 бірлік;
  • “Аударма ісі және шетел тілдері” кафедрасы – 3 бірлік;
  • “Арнайы педагогика” кафедрасы – 1 бірлік;
  • “Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасы: математика мамандығы – 1 бірлік;
  • “Музыкалық білім” кафедрасы – 2 бірлік;
  • “Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі” кафедрасы – 1 бірлік;
  • “Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру” кафедрасы – 1 бірлік (бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша немесе дене шынықтыру мамандығы бойынша);

4. Ж. Аймауытұлы атындағы көпсалалы колледжінің оқу процессіне қажетті педагогтердің бос қызмет орындарына:

  • Алғашқы әскери және технологиялық дайындығының педагог-ұйымдастырушы (1 штат бірлік) – 1 бірлік;
  • Математика аәні оқытушысы (0,5 штат бірлік) – 1 бірлік;
  • Экономика пәні оқытушысы (0,75 штат бірлік) – 1 бірлік;
  • Психология (0,5 штат бірлік) – 1 бірлік;
  • Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығының арнайы пән оқытушысы (1 штат бірлік) – 1 бірлік;
  • Педагогика пәні оқытушысы (1 штат бірлік) – 1 бірлік;
  • Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер оқытушысы (0,75 штат бірлік) – 1 бірлік;
  • Орыс тілі және әдебиеті оқытушысы (0,75 штат бірлік) – 1 бірлік;
  • Музыка білім мамандығының арнайы пән оқытушысы (0,5 штат бірлік) – 1 бірлік;
  • Көркем еңбек мамандығының арнайы пән оқытушысы (0,5 штат бірлік) – 1 бірлік;

5. Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:

  1. Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры - 1 бірлік;
  2. Ғылыми зерттеулер департаментінің директоры - 1 бірлік;
  3. Ж.Аймауытұлы атындағы көпсалалы колледж директоры - 1 бірлік;
  4. Аккредитация және мониторинг бөлімінің басшысы - 1бірлік;
  5. «Мейірім» жастар денсаулық орталығының басшысы - 1бірлік;
  6. Ғылыми зерттеулер офисінің басшысы – 1 бірлік;
  7. Ғылыми басылымдар бөлімінің басшысы – 1 бірлік;
  8. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы – 1 бірлік;
  9. Академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы – 1 бірлік;
  10. Стратегиялық даму және менеджмент бөлімінің басшысы – 1 бірлік;
  11. Ә. Дербісәлі атындағы ғылыми кітапхананың басшысы – 1 бірлік;
  12. Маркетинг бөлімінің басшысы – 1 бірлік;

Доцент, қауымдастырылған профессор (доцент) біліктілігіне қойылатын талаптар:

жоғары білімі, ғылыми дәрежесі және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде доцент қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.

Аға оқытушының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы, оның ішінде оқытушы қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.

Оқытушының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, магистр академиялық дәрежесі болуы тиіс.

Бөлім басшының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар және мамандығы бойынша немесе қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын,

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының  "Білім туралы" ,"Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы""Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы"  заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда).

Өтінішке қосымша мына құжаттарды тапсырады:

  • Басқарма төрағасы-Ректордың атына өтініш;
  • үміткердің электрондық форматтағы анкетасы (профессор-оқытушылар құрамы үшін);
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
  • Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • еңбек қызметін растайтын құжат (кадрлық есепке алу жөніндегі жеке парақ және 3х4 сурет);
  • соттылығы жоқ туралы анықтама;
  • ғалым хатшы куәләндырған ғылыми еңбектер мен өнер табыстар тізімі (соңғы 5 жылғы);
  • шет тілдерін меңгергені туралы сертификаттар (бар болған жағдайда);
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түп нұсқалары (соңғы 5 жылғы);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама);
  • №272 бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • Өмірбаян.
  • Бағдарлама (басшылық құрам үшін, 10 слайдтан кем емес)

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қ., Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 134 кабинет (Казпочта арқылы),  info@okmpu.kz (электронды почта), анықтама телефоны: 87789028076, 30-14-59 (кадр бөлімі).

Құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты: 18.09.2025ж., сағат 15.00-ге дейін.

Конкурс өткізілетін күні мен орны: Хабарланады!

Осыған ұқсас

ТҮРКИЯНЫҢ ТРАБЗОН, АНКАРА УНИВЕРСИТЕТІНЕН ҒАЛЫМДАР КЕЛДІ

30 Қыркүйек 2025, 16:23

«ҒҰМЫРЫН БІЛІМГЕ, ЖҮРЕГІН ЕЛГЕ АРНАҒАН АРДАҚТЫЛАР» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

30 Қыркүйек 2025, 12:17

ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ УГУР ҮНАЛ ZHANIBEKOV UNIVERSITY ТАРИХШЫЛАРЫНА ДӘРІС ОҚЫДЫ

26 Қыркүйек 2025, 17:25

ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

26 Қыркүйек 2025, 16:26

ZHANIBEKOV UNIVERSITY–не ТҮРКИЯНЫҢ ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНЕН РЕСМИ ДЕЛЕГАЦИЯ КЕЛДІ

24 Қыркүйек 2025, 15:30

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

23 Қыркүйек 2025, 17:51

ЖАСТАР ЖӘНІБЕКОВТІ БІЛЕ МЕ?

23 Қыркүйек 2025, 11:52

«ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ КЕЗДЕСУ-СЕМИНАРЫ ӨТТІ

22 Қыркүйек 2025, 15:24

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ұжымы мен білім алушылары жалпықалалық сенбілікке атсалысты.

21 Қыркүйек 2025, 18:44

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да ҚР Конституциясының 30 жыл толуына орай «Ата заң - елдігімнің кепілі» атты «дөңгелек үстел» өтті.

19 Қыркүйек 2025, 15:12