Zhanibekov university logo

ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІН ӨТКІЗІП АЛМА!

16 Наурыз 2026, 17:44
Zhanibekov university

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті 1–2 курс білім алушыларын 2026–2027 оқу жылының күзгі семестріне арналған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға шақырады.
Бұл бағдарлама студенттерге шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып, халықаралық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаға қатысу келесі негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен;
2. Университет қаржы есебінен;
3. Жұмыс берушілердің, халықаралық қорлар мен стипендиялардың гранттары;
4. Білім алушылардың жеке қаражаты есебінен.

Қажетті құжаттар тізімі:
1.    Белгіленген үлгідегі өтініш 
2.    Мөрмен бекітілген Транскрипт (шекті оқу үлгерімі GPA 2,67);
3.    Түйіндеме (CV);
4.    ҚР азаматы төлқұжатының көшірмесі;
5.    Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (IELTS 5.0+, TOEFL IBT 35+);
6.     Студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат (бар болған жағдайда);
7.    Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болса);
8.    Студенттің мүгедектігі туралы анықтама (болған жағдайда);
9.     Ынталандыру марапаттарының болуы (республикалық және халықаралық деңгейдегі диплом, грамота, алғыс хат, сертификат, болған жағдайда).

DEADLINE:10.04.2026

Құжат тапсыру жолдары:
Университет кеңсесі (канцелярия) арқылы;
www.egov.kz "электрондық үкімет" порталы арқылы.

Толық ақпарат:
Академиялық ұтқырлық бөлімі, 
“Шаңырақ” ғимараты, 2-қабат, 225-кабинет

Осыған ұқсас

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті КЕАҚ-тың Университет грантын беру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 24 тамыздағы хаттамалық шешімі негізінде Университет грантының иегерлерінің тізімі

28 Тамыз 2026, 15:48

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

28 Тамыз 2026, 12:33

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

28 Тамыз 2026, 09:19

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27 Тамыз 2026, 14:06

ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

26 Тамыз 2026, 16:18

РЕКТОР ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ!

25 Тамыз 2026, 17:02

ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАНУЫҢЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

25 Тамыз 2026, 17:00

Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті оқытушы-профессорлардың бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:

21 Тамыз 2026, 19:13

Корпоративтік хатшы қызметіне конкурс жариялаймыз!

20 Тамыз 2026, 10:24

Комплаенс офицеріне конкурс жариялаймыз!

20 Тамыз 2026, 10:20