Хабарландыру. 25.09.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Химия кафедрасы «8D01504 – Химия педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған докторанттардың диссертациялық жұмыстары кеңейтілген ғылыми семинарда (алдын ала қорғауда) талқыланатынын хабарлайды.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Диссертациялық жұмыстардың ұсынылу нысаны: диссертация.
Кеңейтілген ғылыми семинар 2026 жылы 30 қыркүйек күні, сағат 15:00-де Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Химия кафедрасы №407 аудиторияда онлайн және офлайн форматта өтеді.
Мекенжай: Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі – 13
- АМИРБЕКОВА ЭЛЬМИРА МАМЫРОВНА
Зерттеу тақырыбы: Химияны оқытуда заманауи визуалды және виртуалды шындық технологияларын қолдану.
Ғылыми кеңесші: х.ғ.к., профессор м.а. Шертаева Н.Т.
Шетелдік ғылыми кеңесші: доктор PhD, профессор A. Y. Çelik
(Гази университеті, Анкара,Түркия)
Рецензент:
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, х.ғ.к., доцент Битемирова А.Е.
М. Әуезов атындағы ОҚУ, PhD доктор, аға оқытушы Ыдырысбаев Д.У.
- ТУЙМЕБАЕВА ГУЛИМЖАН ЕСИРКЕПОВНА
Зерттеу тақырыбы: Аралас оқыту жағдайында болашақ химия пәні мұғалімінің көптілділік құзыреттілігін қалыптастыру
Ғылыми кеңесші: х.ғ.к., профессор м.а. Шаграева Б.Б.
п.ғ.д., профессор Кадирбаева Р.И.
Шетелдік ғылыми кеңесші: профессор Мехмет-али Озлер
(Мұғла Сыткы Кочман университеті)
Рецензент:
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, PhD, профессор м.а. Абдуразова П.А.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, п.ғ.к., доцент м.а. Туребекова Г.А.