ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітап жинағы ОҚПУ-дың ғылыми ктапханасына келіп түсті
🔷 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1994 жылдан бергі таңдаулы сөздері, қанатты ойлары мен тұжырымдары топтастырылған «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітап жинағы жарық көрді. Кітап бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың ғылыми ктапханасына келіп түсті.
📚 Президенттің төрт онжылдыққа жуық уақыттағы мемлекеттік басқару, заң үстемдігі, білім, жастар саясаты және ұлттық құндылықтар туралы ой-толғамдары кітаптың негізі мазмұны болып табылады.
🔷 Жинақ 21 тақырыптық бөлімнен тұрады. Цифрландыру, экологиялық мәдениет және «Таза Қазақстан» сияқты маңызды бастамалар қамтылған.
📚 Мемлекеттік қызметшілерге, ұстаздарға, студенттер мен ел тарихына қызығатын оқырмандарға арналған жинақты университет кітапханасынан оқи аласыздар!