Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия шешімі: 2024 жылғы тағылымдама нәтижелері
26 Желтоқсан 2024, 16:59
Медиа Орталық
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия шешімі: 2024 жылғы тағылымдама нәтижелері
2024 жылғы 23 желтоқсанда өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша «500 Ғалым» ғылыми тағылымдамасы тағайындалған үміткерлердің тізімі жарияланды.
Стипендия иегерлері атанған ғалымдарымыз:
• Баймаханова Гүлжан Мусабекқызы – Химия кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Химияны оқытудағы виртуалды және толықтырылған шындық технологияларын қолданудың негізгі теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша;
• Жамалова Камшат Әбдіқайымқызы - Информатика кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты, АҚШ-тағы Иллинойс университетінде (University of Illinois) «Деректер туралы ғылым және машиналық оқыту» тақырыбы бойынша;
• Қанаева Ләззат Сапарбекқызы – Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, АҚШ-тағы Мичиган мемлекеттік университетінде (Michigan State University) «Жоғары білім саласындағы ғылыми зерттеулер мен практика» тақырыбы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтетін болады.
Стипендия иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтуда әрбір ғалымның жетістігі ерекше құндылыққа ие. Ғалымдарымыздың шетелдік тағылымдама арқылы алған тәжірибелері кәсіби құзыреттіліктерін арттырып, олардың болашақ мамандарға сапалы білім беруіне ықпал етеді деп сенеміз.
Осыған ұқсас
ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ КАФЕДРА ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
26 Қаңтар 2026, 14:31
ZHANIBEKOV СТУДЕНТТЕРІ 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
23 Қаңтар 2026, 17:36
Хабарландыру. 22.01.2026
22 Қаңтар 2026, 17:21
СТУДЕНТІМІЗ АЛУА ЖҰМАДІЛДА SHYMKENT OPEN-2026 ЖЕҢІМПАЗЫ
22 Қаңтар 2026, 13:01
Хабарландыру. 17.05.2024
22 Қаңтар 2026, 11:20
«ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ» БИЫЛҒЫ МЫҚТЫЛАРЫ КІМ?
16 Қаңтар 2026, 17:17
ТӘЛІМГЕР ҚЫЗМЕТІ: ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
15 Қаңтар 2026, 12:32
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
14 Қаңтар 2026, 16:44
Хабарландыру 14.01.2026
14 Қаңтар 2026, 11:33
ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ — ЖАҢА ДАМУ БАҒДАРЫ
13 Қаңтар 2026, 12:12