Zhanibekov university logo

«ЖАЗҒЫ МЕКТЕП — 2025»: ІІ күн.

18 Маусым 2025, 15:06
Медиа Орталық


«Жазғы мектептің» бүгінгі практикалық бөлімі «Педагогикалық практиканың мазмұнын жаңғырту» тақырыбына арналды. Іс-шара барысында болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған жаңа әдістемелер мен тиімді жобалау тәсілдері қарастырылды. Қатысушылар педагогикалық практиканың мазмұны, оқу нәтижелері және бағалау критерийлерін жетілдіру бойынша өзара тәжірибе алмасты.

Арнайы педагогика кафедрасы ұйымдастырған дөңгелек үстелге педагогикалық практика базаларынан бірнеше мамандар қатысты. Олар Қосалқы мектептің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Майра Байдуанова, №28 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі Гүлнұр Амантаева, Ш.Уәлиханов атындағы №18 ЖББОМ логопед-дефектологі Бибінұр Пазылбаева, «Асыл Мирас» аутизм орталығының әдіскері Сабина Омарова, «Сөйле» логопедиялық орталығының негізін қалаушы, дефектолог-логопед Айман Таласбек. Іс-шарада практика барысында ынтымақтастықта жұмыс жасаудың, студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің және академиялық кезеңмен қатар педагогикалық практиканы ұйымдастырудың мүмкіндіктері талқыланды.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы кәсіптік практика базаларын іріктеу, практика бағдарламаларын жаңарту және бейімдеу бағытында жұмыстар атқарды. Іс-шарада студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға арналған психологиялық қолдау әдістері мен рефлексиялық тәжірибе құралдары Психология кафедрасы тарапынан ұсынылып, тәжірибе алмасу жүзеге асты.Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары педагогикалық практиканы жетілдіруге бағытталған заманауи әдістермен бөлісті. Іс-шара барысында олар шет тілін оқытудағы тиімді практикалар мен бағалау стратегияларын ұсынды.

Педагогика кафедрасының ұжымы педагогикалық практика барысында білім алушылардың әлеуметтік қолдау көрсету, әлеуметтік диагностика мен реабилитация жұмыстарын жүргізу. Аталған идеялар мен тәжірибелер алдағы оқу процесінде тиімді қолданыс табатынына үміттеміз.

 

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17