ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ “ҚАНЫШ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МАЙДАН” КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде “Қаныш және ғылыми майдан” кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер шараға "Отбасы хрестоматиясы" жобасының авторы, шығыстанушы, ағартушы Санжар Керімбай қатысып, оқырмандармен ой бөлісті.
«Қаныш және ғылыми майдан» кітабы Ғылым академиясының негізін қалаушы ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың болмысы, өмір жолы, ғылым жолындағы жанқиярлық ерліктеріне экзистенция анализ арқылы талдау жасалған кітап және 1946 жылы ашылған Қазақ Ғылым Академиясының тарихы мен жетістігі кеңірек баяндалған. Қаныш Сәтбаевтың жанына серік болған ғылыми майдандағы достары М.Әуезов, Ж.Шаяхметов, Ш.Шекин, Ш.Есенов, Е.Бөкетов, Е.Ысмайлов, Б. Кенжебаев сынды тұлғалардың да өмірлері жайында мәлімет берілген.
Қазақ мәдениеті мен танымына, ұлтшыл тұлғалардың өміріне қызығатын оқырманға арналған бұл кітаптың Қаныш Сатбаевқа арналған басқа кітаптан ерекшелігі кейіпкердің өмірбаянын толық баяндап шығуды мақсат етпейді. Қаныш Сатбаевтың кейбір шешімі мен іс- әрекетін экзистенция анализі, онтология, логотерапия, феноменологиялық әдіспен түсіндіреді.
Қазақ мәдениеті, философиясы және ұлттық болмыс туралы зерттеулерімен танымал Санжар Керімбайдың бұл кітабы жас ұрпақтың Қаныштай тұлға болып қалыптасуына ықпалы мол болатынын айтты. Автор кітаптарының атауының «майдан» сөзімен байланысы туралы да түсінік берді. Кітаптарының кейіпкерлері болған тұлғалар атқарған шаруалары жанқиярлық ерлікке пара-пар болғандықтан және фронтальды мол шаруаға кіріскенде айтулы тұлғалардың өздері қолданған сөз екендігінен цитаталар кітапта көрсетілген.
Осыған ұқсас
САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ