Zhanibekov university logo

«Докторлық диссертацияға қойылатын талаптар мен докторлық диссертацияны қорғау: дайындық, лайфхактар» атты «дөңгелек үстел» өткізілді

Сәуір 7, 2025, 1:17 Т.Қ. Медиа Орталық

«Сәуір айы - ғылым айы» аясында «Докторлық диссертацияға қойылатын талаптар мен докторлық диссертацияны қорғау: дайындық, лайфхактар» атты «дөңгелек үстел» өткізілді. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты ұйымдастыруымен докторанттарға арналған «дөңгелек үстелдің» модераторлары п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ибашова Альмира мен философия докторлары (PhD) Белесова Дамира, Арынбаева Римма болды.
Университетіміздегі алғашқы диссертациялық кеңес төрайымы п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ибашова Альмира докторанттарды PhD докторлық диссертацияларды қорғау үшін қолданылатын негізгі стандарттар мен ережелермен таныстырды. Сонымен қатар, сәтті қорғау үшін алғашқы қадамдар, талаптар жан-жақты талқыланып, қорғауға шығу үшін жарияланымдар бойынша талаптар айтылды.
Философия докторлары (PhD) Белесова Дамира, Арынбаева Римма өзінің тәжірибесі негізінде докторлық диссертацияны қорғау: дайындық, лайфхактармен бөлісті. Докторанттар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ғылыми диссертацияны сәтті қорғау мәселелері қызу талқыланды. Атаулы шара оларға ғылыми ізденістер жолында серпін беретіні анық.