ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА — ЖАҢА ЖОБАЛАРМЕН!
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева университеттің медиаорталығы мамандарын қабылдады. Орталық мамандары университет басшысына жаңа оқу жылындағы жаңа жобалармен таныстырып, ой талқылады.
Бүгінде медиаорталық қызметкерлері республикалық жоғары білім кеңістігінде университеттің оң имиджін қалыптастыру бағытында күнделікті іс-шараларды уақтылы жариялап отырғаннан бөлек, республикалық, өңірлік БАҚ-тармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Маңызды ақпараттар легін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми әлеуметтік парақшаларына ұсынады. Сонымен қатар, шығармашылық әлеуетін таныту мақсатында бірнеше жобаларды жүзеге асыруда. «Ұядан ұшқандар», «Біздің кейіпкер» айдарларын оқырман назарына ұсынып, арнайы бейнероликтер дайындайды. Жаңа оқу жылында университет оқырмандары Өзбекәлі Жәнібеков туралы сторителлингпен, студенттерге арналған лайфхактармен таныс бола алады. Сондай-ақ, «Апта айшықтары» жобасы, «Ұлттық педагогика» айдарымен түсіріліп жатқан фотожоба назарға ұсынылуда. Археологиялық орталықтың көне дәуір қазба байлықтарын насихаттау мақсатында «Жауһар-жәдігер» айдары жарыққа шықпақ.
— Бүгінде университет медиаорталығы оқу орнының қызметі туралы қоғамдық жағымды пікір қалыптастырып отыр, - деген Гүлжан Дәулетбекқызы алдағы жобаларға бағыт-бағдар мен бірқатар тапсырмалар беріп, қажетті құралдармен қамтамасыз ету жағдайын талқылады.
Осыған ұқсас
ОҚПУ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
СТУДЕНТТЕРІМІЗ —ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ!
РЕКТОР ЖАЙДАРМАНШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ!
УНИВЕРСИТЕТТЕ «ОЙ ҚОЗҒАУ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ГҮЛЗАТ КӨБЕНОВА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ