Zhanibekov university logo

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ

Сәуір 16, 2025, 2:51 Т.Қ. Медиа Орталық


Zhanibekov University-де ХYII республикалық олимпиада басталды. Сайыс денешынықтыру және спорт мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша өтпек.
Жарыстың ашылу салтанатында академиялық істер департаментінің директоры Дәулетбай Бердалиев, спорт және денешынықтыру факультетінің деканы Өмірәлі Тұрысқұлов сөз сөйлеп, олимпиада ережесімен таныстырды.
Жарысқа барлығы 21 жоғары оқу орындарының командалары қатыспақ. Олар ғылыми-зерттеу жобасы бойынша Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі және спорттық дайындығындағы педагогикалық үрдістің инновациялық модельдері бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерін ұсынады.
Сондай-ақ, мектеп бағдарламасының негізгі спорт түрлері волейбол, баскетбол, футболдан жаттығу өтеді. Дүбірлі сайыс үш күнге жалғасады деп күтілуде.