Zhanibekov university logo

«Ел бірлігі — ұрпаққа аманат» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Ақп. 28, 2025, 7:03 Т.Қ. Медиа Орталық
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуші ҚХА-на биыл 30 жыл. Сондай-ақ, 1-наурыз Алғыс айту күніне арналып Zhanibekov University-де «Ел бірлігі — ұрпаққа аманат» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
♦️ Конференцияда Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Шымкент қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев, Шымкент қалалық ҚХА жанындағы «Ақсақалдар кеңесі» төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесінің» мүшесі, Шымкент қалалық корей қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Роза Пак, тағы басқалар баяндама жасады.
📍 Жиынды жүргізген университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева оқу орнының ассамблея саясатын жүргізудегі үлесіне тоқталды. Бүгінде Zhanibekov University жастары мен оқытушылары, зерттеушілері қоғамдық бірлестікпен тығыз байланыста жұмыс істеп, зерттеу еңбектерімен айналысып, түрлі қоғамдық-мәдени ісшараларға белсене атсалысады. Университетте барлығы 24 өзге ұлт өкілінің студенті білім алуда.
♦️ Конференцияға келіп түскен барлығы 250-ден астам зерттеу жұмысы арнайы жинақ болып құрастырылады.