Zhanibekov university logo

ТҮРКИЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

3 Қазан 2024, 13:54
Медиа Орталық


Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ биология кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Қарлығаш Қоразбекова Түркия астанасы Анкара қаласындағы Гази университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Болашақ халықаралық бағдарламасының «500 ғалым» санаты бойынша біліктілігін арттырған ол білім берудегі зерттеулер бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оның дизайны және балама тәсілдеріне арналған «Program geliştirme uyglamalari/ Curriculum Development Practices» және оқытудың әртүрлі тәсілдеріне, оқыту стратегиялары мен әдістеріне сәйкес оқыту іс-әрекетін жоспарлау және жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыратын «Öğretimde Etkinlik Planlama/ Activity Planning in Teaching» дәрістеріне қатысып, практикалық жұмыстармен айналысты. Сонымен қатар, биологияны оқытудағы мәліметтерді жинау және бағалау әдістері бойынша өзекті ақпараттар жинақтап, биологияны оқытудағы микро оқыту үдерісі бойынша тәжірибе алмасты. Зерттеу жобаларын әзірлеу, оны бағалау және TÜBİTAK жобаларының ерекшелігі, өтінім беру процесі бойынша құнды кеңестер алды.
Түркияның Абант қаласында өткен ІІІ Халықаралық Заманауи ғылыми зерттеулер конференциясында «Importance of biological problem solving in improving students’ cognitive skills» тақырыбында баяндама жасап, зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Гази университетінде Жас зерттеушілер халықаралық конгресінде «STEM-технологияны биологияны оқытуда қолдану тиімділігі» тақырыбында баяндама жасады. «Білім беру сапасын арттырудағы мұғалімдердің өзіндік білім алуының ролі» тақырыбындағы бағдарлама аясында Ұлттық кітапханада, Гази университетінің бас кітапханасында әдебиеттермен жұмыс жасап, деректерді талдау мақсатында MAXQDA бағдарламалық жасақтамасын пайдалану бойынша семинарға қатысты.
Ғылыми тағылымдама жетекшісі, Гази университетінің профессоры, доктор Южел Гелишли мырза білім берудегі зерттеулерде статистикалық талдауды SPSS жүргізу бойынша жеке кеңестер берді. Сондай-ақ, стипендиат Scopus және Web of Science (Clarivate) базаларында халықаралық рецензияланған журналдарды іздеу, олармен жұмыс жасау бойынша тәжірибесін шыңдады. Ғалым бағдарлама барысында жинақталған жаңа білімдері мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін білім беру процесінде ұтымды пайдалана отырып, университеттің білім әлеуетін жоғарылатуға өз үлесін қосуды көздейді.

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17