Zhanibekov University-де жазғы оқу лагері басталды. «EduCampShum» лагері оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру бағытында Шымкент қалалық білім басқармасымен бірлесіп ашылуда.
Онкүндік аясындағы демалыс 3 ауысымда өткізіледі. Әр күн жеке бағытқа арналып, квестттер, тренингтер, мотивациялық кездесулер жоспарланған. Сондай-ақ, Zhanibekov University туралы, оқу орнының студенттерге ұсынатын мүмкіндіктері мен жетістіктері, мамандықтар туралы біледі. Нәтижесінде оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығы артып, мектептер мен университет арасындағы байланыс күшейеді деп күтілуде.
Бүгін жазғы лагерьдің ашылу салтанатына Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек қатысып, оқушыларды университет жетістіктерімен таныстырды. Арнайы концерттік бағдарлама назарға ұсынылды. Факультет декандары мен демалушыларға кәсіби бағдар беретін мамандар ақпараттандыру жұмысын жүргізді.
Жазғы лагерьге қала бойынша барлығы 336 оқушы қамтылмақ.