Zhanibekov university logo

"EDUCAMPSHYM" ЛАГЕРІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ҰЛТТЫҚ ӨНЕРГЕ ҚАНЫҚТЫ

Мамыр 29, 2025, 4:44 Т.Қ. Медиа Орталық


Zhanibekov University-де Шымкент қаласы білім басқармасымен бірлесіп өтіп жатқан “EduCampShym" оқу лагері бүгін ашық аспан аясындағы «Студенттер аллеясында» ұйымдастырылды.
Танымды шараға университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева қатысып, алғысөзбен ашты. Оқушылармен кездесуде Гүлжан Дәулетбекқызы өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, университеттің әлеуметтік жауапкершілігі, мамандықты дұрыс таңдау керектігін және болашақ педагог болудың қоғамдағы маңызы мен жауапкершілігін түсіндірді. Университет қолдауымен грант негізінде білім алып жатқан жас айтыскер Даниал Болысбек жырдан шашу шашты.
Лагерьге қатысушыларға «Мұра» өнер орталығы жанынан жұмыс істейтін шығармашылық ұжымның қолөнер, фотоөнер көрмесі мен концерттік бағдарламасы назарға ұсынылды. Бүгінде аталмыш орталықта 14 үйірме жұмыс істейді. Оның ішінде ұлттық өнер түрлерімен қоса, бүгінгі заман сұранысына ие мобилография, фотоөнер, тігін, тағы басқа үйірмелері студенттерді бос уақытта шығармашылыққа баулуда.
Zhanibekov University — болашаққа дұрыс таңдау!