Zhanibekov university logo

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТКІЗДІ

21 Мамыр 2025, 18:34
Медиа Орталық


Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі (IQAA) Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде сыртқы сарапшылар тобының қатысуымен институционалдық аккредиттеуден өткізді.

Институционалдық аккредиттеуге еліміздің және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері болып табылатын 8 тәжірибелі ғылыми сарапшы қатысып, университет қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамымен, білімгерлермен сұхбаттасты. Бұл сұхбаттар университеттің стратегиялық даму басымдықтары, білім беру бағдарламаларының сапасы, кадрлық ресурстары, академиялық еркіндік пен басқару тиімділігі сынды аспектілерді қамтыды. Сондай-ақ, университеттің материалдық-техникалық және оқу-зертханалық инфрақұрылымын, ғылыми-зерттеу және білім беру процестерінің ұйымдастырылуын, кітапхананың ақпараттық-ресурстық қызметін, студенттік жатақханаларды, спорттық және демалыс нысандарын, медициналық қызмет көрсету және тамақтану орындарын аралап, олардың жағдайына кешенді талдау жүргізілді.

Бақылау барысында сарапшылар оқу процесіне, оның ішінде оқу сабақтары мен емтихан сессияларына қатысып, практикалық даярлық сапасын бағалау мақсатында тағылымдамадан өту базаларында болды. Сонымен қатар, магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілерімен, білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен сұхбаттар ұйымдастырылып, білім беру сапасына қатысты кері байланыс жасалынды. Институционалдық аккредиттеудің қорытынды нәтижелері сыртқы сарапшылар тобы тарапынан университеттің Басқарма төрағасына ресми түрде ұсынылып, бағалау критерийлері бойынша жалпы қорытындылар мен ұсынымдар берілді.

 

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17