Zhanibekov university logo

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

25 Маусым 2025, 11:55
Медиа Орталық
🔹 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ӘРБІР БАЛАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК!
🔹 Бүгін университетімізде «Қазақстандағы инклюзивті білім беру: дамуында ерекшелігі бар балаларды оқытудағы отандық және халықаралық тәжірибелерді қолдану» тақырыбында республикалық семинар өтті. Маңызды шара жақында ғана біздің университетпен ынтымақтастық келісім құжатына қол қойған «Алиар» халықаралық академиясымен бірлесіп ұйымдастырылды.
🔹 Семинар жұмысына білім басқармасы өкілдері, арнайы мектептер мен балабақшалар басшылары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, тәжірибелі педагогтар, ата-аналар қауымдастығы мен халықаралық сарапшылар қатысты. Басты мақсат – инклюзивті білім беруді дамытудағы тиімді тәжірибелермен бөлісу, арнайы педагог кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге арналды.
🔹 Біздің университет инклюзивті білім беру жүйесі үшін арнайы педагог мамандарды сапалы даярлауға ерекше мән беріп келеді. Бүгінде:
200-ден аса студент – бакалавриатта,
– 20-дан аса магистрант – магистратурада білім алуда;
– Оқытушылардың 100%-ы – «Инклюзивті білім беру» курстарынан өткен;
– Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламалары табысты жүзеге асырылуда (Чехия, Польша, Түркия, Өзбекстан елдерімен әріптестік бар);
– Студенттеріміз арнайы мектептер мен түзету мекемелерінде тәжірибеден өтуде.
🔹 Білім беру – тек оқыту емес, әр баланың әлеуетін ашу. Бұл жолда инклюзивті ұстаным – әділеттілік пен тең мүмкіндіктердің кепілі.Бүгінгі семинар нәтижесінде инклюзивті білім беру саясатына нақты ұсыныстар мен жаңа серіктестік бастамалар ұсынылды. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс алдағы уақытта да жалғасады. Арнайы педагогтар – инклюзивті қоғамның тірегі. Оларды даярлау – біздің кәсіби әрі адами борышымыз.

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17