КЕН ҚАЗАТЫН ШАХТА РОБОТТАРЫН ОЙЛАП ТАПТЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ физика педагогін даярлау
тобының 2-курс магистранты Ахрор Толаметов болашақтың кеніш роботтарын ойлап тапты.
Жобаның мақсаты кен өндірудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экологиялық
тиімділігін арттыру.
Жас зерттеушінің ізденісі бойынша роботтар ЖИ көмегімен 3D-карталар
жасайды, лазер мен ультрадыбыспен кен өндіреді. Оның артықшылығы, 24/7 тәулік
уақытын құрайтын толық автономды жұмыс күші болып табылады. Қолданылу аймағы
жер асты, теңіз түбі, ғарыш, экстремалды аймақтарға жататын жоба жұмысшыларға
қауіпсіз, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдейді. Экономикалық жағынан жаңа
ресурстарға қолжеткізіп, шығынды азайтады.
Болашақ физика пәнінің мұғалімі зерттеу жұмысын педагогикадағы STEAM
тәсілін қолдана отырып, ғылым, технология, инженерия, өнер және математика
пәндерін біріктіру арқылы жүзеге асырды.
Педагогикалық университет білім алушысының зерттеуін өндіріске енгізуге
бүгінде Алматыдағы инновациялық технологиялармен жұмыс істейтін компаниялар
қызығушылық білдіруде. Сондай-ақ, Шымкенттегі жергілікті мектеп алаңдарында
жасанды шахта істеп, роботтардың көмегімен кен қазуды, оқушылармен бірлескен
зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға қолдау көрсетуші инвесторлар табылуда.
Осыған ұқсас
Хабарлама. 09.06.2026
ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ «ӘЛЕМ, АБАЙ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ БРИФИНГ ӨТТІ
«Өзбекәлі Жәнібеков — мәдениет майталманы» эссе байқауына қатысушылар марапатталды
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ
«ӨМІРІ ӨНЕГЕ ҰСТАЗ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
«РӘМІЗДЕР РУХЫ, АТА ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ — МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Хабарландыру 22.05.2026
«ЗАҢ — ҚОҒАМНЫҢ ҚОРҒАНЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ