Zhanibekov university logo

ҒАЛЫМДАРЫМЫЗ "БОЛАШАҚ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

10 Тамыз 2025, 17:24
Медиа Орталық


Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының шешіміне сәйкес, ғылыми тағылымдамалар санаты бойынша "Болашақ" стипендиясының иегерлері анықталды. Олардың қатарында университетіміздің 3 ғалымы бар:

Физика-математика факультетінің деканы, PhD Уәлиханова Баян Сапарбекқызы, University College London, Англия. Лондон университетінің колледжі жоғары оқу орындарының әлемдік QS WUR рейтингінде 9-орында, QS WUR By Subject: Education and Training бағыты бойынша 1-орындағы көшбасшы білім ордасы. Баян Сапарбекқызы аталмыш университетте он ай көлемінде биотехнология және биоинформатика салалары бойынша "Дәрілік препараттарды жобалау мен дайындауда кванттық есептеулерді қолдану" тақырыбында ғылыми зерттеулермен айналысатын болады.

Ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы, PhD Рамбердиева Ғайша Сыралханқызы, University of Sussex, Англия. Сассекс университеті жоғары оқу орындарының әлемдік QS WUR рейтингінде 278-орында, QS World University Rankings by Subject: English Language and Literature бағыты бойынша 79-орында. Ғайша Сыралханқызы аталмыш университетте бір жыл бойы «Қазіргі дискурстағы вербалды және визуалды элементтердің өзара әрекеттесуінің лингвомәдени және прагматикалық аспектілері» тақырыбында ғылыми зерттеулермен айналысатын болады.

Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Қарабаева Лаура Қошқарбекқызы, Michigan State University, АҚШ. Мичиган мемлекеттік университеті әлемдік QS WUR рейтингінде 161-орында, QS WUR By Subject: Education and Training бағыты бойынша 18-орында. Лаура Қошқарбекқызы аталмыш университетте төрт ай бойы «Білім берудегі зерттеулер саласында кәсіби, академиялық және зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбы бойынша зерттеулермен айналысатын болады.

Халықаралық рейтингтердегі көшбасшы оқу орындарында тәжірибе алмасу ғылыми тағылымдаманың сапасын арттырып, нәтиже жетілдірмек.

Бүгінгі күнге дейін университетіміздің 24 ғалымы "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанып, әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өткен болатын. Осылайша биыл бұл тізімнің қатары тағы үш ғалыммен толығып отыр.

Ғалымдарымызды құттықтай отырып, сәттілік тілейміз!

 

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17