Zhanibekov university logo

ӨМІРІ ӨНЕГЕ ҒАЛЫМ

4 Қыркүйек 2025, 15:30
Медиа Орталық


 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәбит Жолдасовтың 85 жылдығына арналған «Өмірі өнеге ғалым» атты іс-шара өтті.

Сәбит Жолдасов — «Білім саласының үздігі», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін медалі» мен “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы”, “Үздік ғалым — 2010”, Бәйдібек ауданының құрметті азаматы. Ол «Қазақстандағы ауыл шаруашылығы кооперациясының іс-қызметі», «Шежірелі Оңтүстік», «Шежірелі Шаян тарихы», «Тарихы тұнған Борлысай», «Қазақстанның Оңтүстік өңірінің тарихы» атты монографияларын жазған. Ғалым тек тарихшы ғана емес, қаламгер ретінде де танылған тарихи романдардың авторы.

 

Іс-шараны университет Басқарма мүшесі— Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының кандидаты Баршагүл Исабек естелік сөзбен ашты. Ұстаздың ұлы қасиеттерін тебірене еске алған Баршагүл Қашқынқызы:

— Сәбит ағайымыз қаламның ұшымен, ғылымның күшімен ұлтқа қызмет етіп, үлкен еңбек жолында жүрсе де ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайтын нағыз ұстаз, тұлға еді. Тіпті, кафедра меңгерушісі болса да, студенттер тобына кураторлық ететін. «Дәрігер қателессе адам өледі, тарихшы қателессе қоғам өледі» дейтін сөзі мәңгі жадымызда. Бүгінде өмірден өз жолын тапқан қаншама шәкірттерді ғылымға баулыды, адамдық қасиеттің дәнін екті, — деді.

 

Ал, Сәбит Жолдасовтың қарындасы Фарида Жолдасқызы ауыл мектебінде жүріп-ақ, шығармашыл ұстаз болған тұлғаның арнайы спектакльдер қойып, аудан сахналарына жол салғанын, оқушылардың танымын арттыру үшін жиі экскурсиялар ұйымдастырып, ізденуден жалықпағанын еске алды.

 

Жиында сондай-ақ, студенттер әзірлеген бейнеролик көрсетілді. Әлем тарихы және дінтану кафедрасының ғалымдары Алдаберген Мүслім, Бахадыр Айтай, Бекмұрат Найманбаев баяндама оқыды. Ал шәкірті, бүгінде Шымкент қаласы Оқушылар сарайының директоры Бақытжан Мұстафаев бүгінгі шараға арнайы қатысып, ұстаз ұлағатын еске алды. Тағылымы мол, студенттер көңіліне ізгіліктің сәулесін құйған мазмұнды шараны әлем тарихы және дінтану кафедрасының меңгерушісі Гүлжан Орынбасарова ұйымдастырды.

 

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17