Zhanibekov university logo

80-ГЕ ЖУЫҚ МЕКТЕПТЕ СТУДЕНТТЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТЕДІ

4 Қыркүйек 2025, 11:43
Медиа Орталық


🔹 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ 3 курс студенттері 2-қыркүйектен  бастап  академиялық кезеңмен қатар аптасына 2 күндік педагогикалық практикаға жіберілді. 

🔹 Орнықтыру конференциясы – болашақ педагогтардың кәсіби жолындағы алғашқы қадамын айқындап, педагогикалық практиканың маңызды бастамасы болып табылады. Конференция барысында білім алушыларға педагогикалық практика мақсаты мен міндеттері таныстырылып, мектептердегі іс-тәжірибе кезеңінің талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған әдістемелік нұсқаулар берілді.

🔹 Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жанбол Жылбаев педагогикалық практиканың теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға, болашақ ұстаздың кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған шешуші қадам екендігін атап өтті. 

🔹 —  Біздің университетіміздің басты мақсаты – заманауи білім беру талаптарына сай, шығармашыл, жауапты және бәсекеге қабілетті ұстаздарды даярлау. Осы тұрғыда практика барысында білім алушыларымыз мектеп өміріне етене араласып, оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің қыр-сырын меңгереді, педагогикалық ұжыммен жұмыс жасау тәжірибесін жинақтайды, —деді ол. 

🔹 Педагогикалық практика студенттердің әлеуметтік және кәсіби бейімделуіне жағдай жасауға және педагогикалық тәжірибені игертуге мүмкіндік жасайды. Орнықтыру конференциясына Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі проректормен қатар, академиялық департамент директоры, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, практика жетекшілері, педагог және психолог әдіскерлер қатысты. 

🔹 Қазіргі таңда университет бойынша 1900-дан астам білім алушы Шымкент қаласындағы 80-ге жуық білім беру ұйымдарына педагогикалық практикадан өтуге жіберілді.

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17