Zhanibekov university logo

БІРІНШІ КУРС ДОКТОРАНТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

10 Қыркүйек 2025, 15:40
Медиа Орталық


Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде бірінші курс докторанттарымен кездесу өтті. Іс-шараға Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жанбол Жылбаев, Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков, ЖОО-дан кейінгі білім беру институтының директоры Аққоңыр Жылысбаева қатысты. Бүгінде университетте барлығы 109 докторант бар, 44-і бірінші курста.

Кездесуде Жанбол Октябрьұлы жас ғалымдарды 90 жылға уақыт тарихы бар қарашаңырақ университеттің докторанттары атануымен құттықтап, бұл — ғылым жолындағы маңызды әрі жауапты қадам екенін атап өтті. Ал, Ержан Рахымжанұлы уақытты тиімді ұйымдастыру, ғылыми жұмыстарды дер кезінде орындау, жеке жұмыс жоспарларын сапалы жүргізу, ғылыми жетекші мен диссертация тақырыбын дұрыс таңдау маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, университет тарапынан атқарылып жатқан ғылыми мақала жазу дағдыларын дамытуға арналған шаралар туралы баяндады.

Аққоңыр Нұрділләқызы докторантураға қатысты ҚР-ның негізгі нормативтік-құқықтық актілері мен университеттің ішкі ережелерімен таныстырды. Докторанттың үш жыл бойы оқу процесіндегі теориялық оқу, педагогикалық практика, зерттеу практикасы, ғылыми тағылымдамадан өту талаптары мен мерзімдерін жан-жақты талдады. Сонымен қатар, докторлық диссертацияны қорғауға қойылатын талаптар, соның ішінде шығарылатын мақалалар талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Кездесу соңында докторанттар көкейдегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сала проректорлары ғылым жолына келген жас зерттеушілерге сәттілік тілеп, қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.

 

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17