Zhanibekov university logo

СЕМИНАР БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛДЫ

9 Қыркүйек 2025, 15:44
Медиа Орталық


Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 1-курс студенттеріне арналған таныстыру семинары өтті. Семинардың басты мақсаты — білім алушыларға жоғары білім беру жүйесінде кәсіби жауапкершілік ұстанымдарын қалыптастыру, академиялық адалдық принциптерін түсіндіру, кредиттік технологиялардың тиімді мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын дамыту.

Семинарда Академиялық істер жөніндегі проректор Жанбол Жылбаев маңызды мәліметтерге тоқталып ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың күні кеше халыққа арнаған Жолдауындағы цифрлық білім мен инновацияға ілесуге, оқу процесінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласын білім беру бағдарламалары арқылы менгерілетінін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комплаенс-офицер Қайрат Амитов академиялық адалдықтың маңызы мен талаптарын нақты мысалдармен түсіндірді. Ал, академиялық істер департаментінің басшысы Дәулетбай Бердалиев университет сайтына орналастырылған студенттерге арналған қажетті нормативтік құқықтық актілер мен кредиттік технологияның мүмкіндіктеріне тоқталды.

Оқу процесінің цифрлық және әдістемелік қамтамасыздандыру бөлімінің басшысы Гүлмира Есентөреева білім алушылардың болашақ кәсіби өмірінде аса қажет болатын қаржылық сауаттылық негіздерін меңгерудің және заманауи жасанды интеллект курстарын игерудің маңыздылығына тоқталып, олардың білім алушыларға жаңа мүмкіндіктер беретінін айтты. Іс-шара 1 курс білім алушыларына жоғары білімнің негізгі қағидалары мен цифрлық білім беру бағытындағы жаңа мүмкіндіктерге сенімді әрі жауапты қадам басуға көмектесетін маңызды бастама болды.

 

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17