Zhanibekov university logo

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

18 Қыркүйек 2025, 12:06
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8-қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу” атты Жолдауын ұжым мен білім алушылар арасында насихаттап, талқылауға арналған жиын өтті.
Биылғы Жолдауда жасанды интеллект және цифрлық трансформация — маңызды стратегиялық бағыт ретінде басымдыққа ие. Білім беру саласында ЖИ мектепке енгізу, цифрлық трансформация, болашақ мамандарды даярлау ерекше назарда. Бүгінде оқу ордамызда жасанды инттеллектті білім беру процесін жетілдіруде қолдануға қатысты жалпы көлемі 100 млн. теңгені құрайтын ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Сондай-ақ, жасанды интеллект арқылы STEM бағытындағы педагогтарды даярлауға қатысты 450 млн теңге көлемінде нысаналы бағдарлама қаржыландыру жобасын жеңіп алды.
Президент Жолдауының ерекшелігі мен маңызын көпшілікке түсіндірген Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев:
— Маңызды құжатта инновациялық гранттар мен бастамаларды үйлестіру Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілгені өте дұрыс шешім болды. Өйткені, бұл сала ғылыми зерттеулер мен инновациялар жұмыс істейтін негізгі орган болып табылады. Яғни, барлық ғылыми әлеует осында шоғырланған. Жалпы, бұл шешім инновацияларды жүйелі дамытуға, ғылым мен білімді біріктіруге және олардың нәтижесін практикалық қолдануға бағытталған тиімді қадам болып табылады, — деді.
Университетімізге жақында Үндістанның Джавахарлал Неру университетінен студенттерге дәріс оқуға келген профессор Манжу Кхари жасанды интеллекттің қыр-сырын жастарға үйретуде. Бүгінде Үндістан IT мамандарының саны мен экспорттау бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі, тіпті бірінші орында деуге болады. Сондықтан, Үндістанда ЖИ саласы да қарқынды дамуда. Шетелдік профессордың ойынша, Қазақстан алдағы үш жылда цифрлық елге айналу үшін алдымен өзіндік деректер қорын құру керек. Ол сондай-ақ, ЖИ түрлері мен құрылымы, олардың ерекшеліктері мен робототехника туралы жан-жақты баяндап, тәжірибесімен бөлісті.
Жиында университеттің тарихшы, экономист оқытушы-профессорлары мен ардагер ұстаздар, студенттер Жолдауда айтылған әлеуметтік, экономикалық, ауылшаруашылығына қатысты міндеттерді талқылап, ой бөлісіп, ұлттық парадигманы айқындайтын құжат десті.

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17