Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да ҚР Конституциясының 30 жыл толуына орай «Ата заң - елдігімнің кепілі» атты «дөңгелек үстел» өтті.
Шараға Шымкент қаласының ардагерлері мен мемлекет және қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдарының ресми өкілдері, университетің оқытушы-профессорлары мен студенттер қатысты. Шымкент қалалық Ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжехан Төлебаев, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламент Мәжілісінің V шақырылым депутаты, «Құрмет» орденінің иегері Шалатай Мырзахметов, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ардагерлер кеңесі төрағасы Батырбек Жалмұрзаев Конституцияның маңызы мен еліміздің заңдық жүйесінің дамуы туралы маңызды пікірлерін айтып, ұзақ жылдық еңбек тәжірибесінде Ата Заңымыздың мемлекеттік қызмет пен қоғам өміріндегі тұрақтылықтың кепілі болған естеліктерімен бөлісті.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры Асыланбек Заманбек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбеков, ҚР Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Баспасөз қызметінің маманы Қабыл Дүйсенбі құқықтық салада тәртіп пен әділдіктің негізін құрап, азаматтардың құқықтарын қорғау мен құқықтық мәдениетін дамытуда, заңдардың орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ал, Ж. Тәшенев университетінің Басқарма мүшесі – Вице-ректоры, заң ғылымдарының кандидаты Жанар Рысбекова өзінің ұзақ жылдық зерттеулеріне сүйене отырып, құқықтық қағидаларымызды қамтитын маңызды құжатты бүгінде дамыған елдер өзіне үлгі тұтатынын нақты дәйек-деректермен келтіріп, оның адамгершілік және ұлттық болмыс принциптеріне негізделген ерекшеліктерін атап өтті.
🔹Қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттерін кеңінен насихаттау және ел бірлігін, тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған шараны университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев жүргізіп, қорытындылады.
Фото Береке Сейітжаппар
Осыған ұқсас
САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ