АҚЫН, БАРД, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҚУАНЫШ МАҚСҰТОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
— Нағыз поэзия құйыла салуы керек! Бізде
қазір өлең құйыла салмайды, құрастырылады, конструкция.Өлең жазу — мақсат,
кітап жазу кәсіп болып бара жатыр. Фаризаны оқыңыздар, поэзия! Гүлнар
Салықбаеваны оқыңыздар, поэзия! Поэзияның болашағы бар, оған үмітім де бар,
бірақ әлі ақталған жоқ…
Бұл — Өзбекәлі Жәнібеков атындағы
ОҚПУ-да кездесуге келген ақын, бард, қоғам қайраткері, қазақтың Сары тентегі
атанған Қуаныш Мақсұтовтың қазіргі қазақ ақын қыздары туралы айтқан ойынан бір
үзік сыр.
Кездесу кешінде ақын, бард жастарға
ағыл-тегіл ақтарылып, қазақ өнері, өлең мен өмір туралы толғаныстарын,
тәжірибесі мен әлем әдебиетінен қалыптасқан көзқарасы негізінде ой бөлісті.
Ақынның ұғымында “Өнер, талант деген тек қана 100 пайыз еңбек!”
Айтулы айтыскер ақынға университет
мақтанышы, талай додаларда топ жарып жүрген жас ақын Даниал Болысбек арнау
айтып, жырмен шашу шашып қарсы алды. Автор өзінің жаңа шыққан “Құт” кітабын оқу
ордамыздың кітапханасына және ерекше сауал қойған студенттерге сыйға тартты.
Домбырамен халық әндерін шырқаған Қуаныш
Мақсұтовтың классикалық, көркем музыкалық бағыттағы шансон стилінде лирикалық,
поэтикалық терең мазмұнға ие әндерді гитарамен шырқауы да кеш жаңалығы болды.
Кездесуді университеттің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің
директоры Қайрат Анарбаев жүргізіп, кеш қонағына студенттердің қолөнер туындысы
естелікке сыйға берілді.
Осыған ұқсас
САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ