Zhanibekov university logo

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

8 Қазан 2025, 16:51
Медиа Орталық


ZHANIBEKOV UNIVERSITY –де терроризмге қарсы қауіпсіздіктің негізгі қағидалары мен оларды іске асыру шаралары бойынша оқыту семинары өтті. Семинарға профессор-оқытушылар құрамы мен факультет декандары, әкімшілік-басқару қызметкерлері қатысты.

 

Терроризмге қарсы күрес қауіпсіздік мәселелері бөлімінің басшысы Қуанышбек Жұмақұлов университет аумағындағы қауіпсіздік мәселелері туралы баяндама жасап, қатысушыларға тиісті нұсқаулықты таныстырды. Бүгінде оқу орын нысандарында «Қолжеткізуді басқаруды қадағалау жүйесі» негізінде арнайы турникеттер орнатылған. Барлық қызметкерлер мен білім алушыларға турникеттен өту жүйесі арнайы карточкалар арқылы жолға қойылған. Ал, карточкасы жоқ , сырттан келген тұлғалар арнайы кезекшілік журналына тіркеліп, кімге және не мақсатпен келіп отырғаны анықталып, келісіммен ішке кіргізіледі.

 

Бұдан бөлек, бейнебақылау камераларымен толық қамтамасыз етіліп, Университет бойынша жалпы 317 бақылау камерасы, оның ішінде 75 сыртқы камера жедел басқару орталығына қосылға. Автокөлік тұрағына кірудің белгілі тәртібі ұйымдастырылған. Қуанышбек Жұмақұлов сондай-ақ, обьектіге әкелуге тыйым салынған заттар тізімімен таныстырды.

 

— Кез-келген террорлық әрекет немесе өзге де техногендік апаттық жағдай орын алған уақытта бірінші кезекте шұғыл әрекет ету қызметтеріне, яғни, ҰҚК кезекші қызметі — 110, бірыңғай кезекші-диспетчер — 112, өртке қарсы қызмет — 101, ішкі істер органдары —102, жедел медициналық көмек — 103 нөміріне қоңырау шалып, болған жағдайды баяндап, қызметкерлер, білім алушылар ғимарат ішінен эвакуациялану қажет, — дейді маман.

 

Жиында сондай-ақ, азаматтық қорғаныс штабының маманы, төтенше жағдайда азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігін ұйымдастырушы Есен Дайырбеков азаматтық қорғаныс негіздерін еске салып, тағы бір рет пысықтады. Ал, оқыту семинарын жүргізген Басқарма мүшесі—Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек факультет декандарына терроризмге қарсы қауіпсіздіктің негізгі қағидалары бойынша барлық студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өткізілген іс-шара хаттамасын жолдауды тапсырды.

 

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17